Қайрат Сатыбалды Дубайға ұшып кетпек болған
Бектенов қазір Алматы мен астанада "Қазақтелеком" кеңселерінде тінту жүріп жатқанын атап өтті. Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектенов Қайрат Сатыбалдының ұсталуына қатысты түсініктеме берді.
Бектеновтің айтуынша, Сатыбалдыны сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері Алматы облысының аумағында ұстаған."Біздің ақпарат бойынша ол Дубайға ұшып кетпек болған. Қазір уақытша тергеу изоляторында отыр. Бұлтартпау шарасы әлі таңдалған жоқ", - деді Бектенов үкімет кулуарында.Айтуынша, Сатыбалдыға қатысты "Қазақтелеком" АҚ қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеу жүріп жатыр.
Сонымен қатар Сатыбалдының мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.Сондай-ақ Бектенов қазір Алматы мен астанада "Қазақтелеком" кеңселерінде тінту жүріп жатқанын атап өтті.Ал "Қазақтелеком" басшысы Қуанышбек Есекеевтен куәгер ретінде жауап алынған. Ол қазір өзінің жұмыс орнында.