Понедельник, 27 марта, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Онкологиялық қатерлі ісіктің ең бірінші, негізгі белгілері

24.03.2022
0
Онкологиялық қатерлі ісіктің ең бірінші, негізгі белгілері

Әдетте қатерлі ісіктің белгілері көп. Дегенмен қарапайым тұрғындар оған аса назар аудармайды. Тіпті түрлі себептерді өздері тауып, емдеуге де кірісіп жатады. Соның салдарынан емнің адам ағзасына даритын уақытын жоғалтып алады.

Әр адам өз ағзасын үнемі қарап, байқап, зерттеп жүргені абзал. Қазіргі кезде қатерлі ісіктің өзі «жасарып» түрі көбейген. Тіпті кей адамдар көзге ұрып тұрған терісіндегі ісіктің өзіне немқұрайлы қарайды. Әр адам өз бойындағы түрлі өзгерістерді зерттеп, арнайы маманның қаралуында болғаны жөн. Біз сіздерге қатерлі ісік ауруының негізгі белгілерін ұсынамыз. Бұл материалды үйде оқып, диагноз қойыңыз деген сөз емес. Тек, маманға баратындай қауіп бар жоғын түсіну үшін.

Дәрігер көп жағдайда қатерлі ісіктің белгілері байқала бермейтінін айтады. Дегенмен дерттің кейбір белгілері қайталана берген жағдайда, маман дәрігерге көрінуге кеңес береді. 

Дерттің маңызды белгілері:

— Жөтел;
— Дауыстың қатты қарлығуы;
— Салмақ тастау;
— Тамақтың жұтынған кезде ауыруы; 
— Мойынның ісінуі, ауыруы;
— Несеп шығару проблемалары.

«Ең бірінші маңызды әрі басты белгі деп салқын тигеннен болатын маусымдық ауруларға қарамастан, үнемі жөтел мен дауыстың қарлығуын атар едім. Бұл белгілер екі аптадан аса уақыт қайталанса, дәрігерге қаралған жөн. Әсіресе, дауыстың қарлығуы тоқтамаса бұл өкпе немесе өңеш обырының белгілері деген сөз. Ал жөтел ешқандай дәрі-дәрмектің көмегімен кетпесе, ол да өкпенің зақымданып, ісік пайда болу қаупі бар екенін білдіреді. Қатерлі ісіктің екінші белгісі — тамақтың жұтынған кезде ауыруы. Кейбіреулер дәл осы белгіні жүйке жүйесі ауруларының белгілерімен шатастырады. Бірақ жұтынғанда тамақтың ауыруы ас қорыту жүйесіндегі проблемалардан бөлек, қатерлі ісікті тудыруы әбден мүмкін», — дейді онколог.

Дерттің тағы бір белгісі ретінде дәрігер себепсізден-себепсіз салмақ тастау екенін айтады.

«Күйзеліске түсіп, біраз салмақ тастапты» дегенді жиі естіп жатамыз. Бірақ ол фактордан басқа себептер бойынша салмақ түсіре бастаса, ол өте қауіпті. Қалыпты өмір сүре отырып, кем дегенде 5 келі салмақ түсіру бұл қатерлі ісіктің бірден-бір басты белгісі. Көбіне бұл ұйқы безінің қатерлі ісігіне шалдықтыру мүмкін. Нәтижесінде ауру көзге байқалмай асқынып, өлімге әкеледі. Ісіктің төртінші басты белгісіне тоқталсақ, ол — мойынның үнемі ауыруы. Әсіресе, ол түнде жатар кезде байқалады. Басты бұрғанда немесе еңкейгенде мойын ісініп тұрған сияқты болды. Және ол ауыру ешбір жақпа майдың көмегімен кетпейді. Мойын қатерлі ісігі осылай басталады да, мойындағы ісік бірнеше сантиметрге өсе береді», — деп ескертеді Сатиева.

Сондай-ақ, онколог несеп шығару проблемалары байқалған жағдайда дәрігерге көрінуге кеңес береді. 

«Қазақстандықтардың көбі мән бермейтін проблемалардың бастысы — несеп шығару жүйесі ауруларына мән бермеу. Әсіресе, ол қан аралас болса немесе несеп шығару кезінде ауырсыну болуын геморрой деп қана ойлайды. Бірақ бұл жағдай міндетті түрде тексерілу қажет. Тік ішегі ісігі кезінде нәжіспен бірге қан аралас іріңді сұйық шығады да іш өте бастайды», — дейді дәрігер.

Сондықтан дәрігер дерттің алдын алу үшін жастар болсын, ересектер болсын жылына кем дегенде бір рет скринингтен тексеріліп, шылым, алкоголь сияқты зиянды әдеттерден арылу керектігін айтады.

Бөлісу7Твит5
  • Рысбала Икрамбай: ҰҚК, Жанат Бақыттың арандату әрекеттеріне тоқтату салмайсыздар ма? (видео)

    Рысбала Икрамбай: ҰҚК, Жанат Бақыттың арандату әрекеттеріне тоқтату салмайсыздар ма? (видео)

    3813 бөлісу
    Бөлісу 1525 Твит 953
  • Тәуелсіз үміткерлер: Тоқаев мырза, сайлауда ескі Қазақстанда болмаған сұмдықтар орын алды (видео)

    1490 бөлісу
    Бөлісу 596 Твит 373
  • Ермұрат Бәпи: Енді Арман Шораевқа басқа «охота» басталуы әбден мүмкін… 

    1114 бөлісу
    Бөлісу 446 Твит 279
  • 6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6320 бөлісу
    Бөлісу 2528 Твит 1580
  • Жаңаөзенде 14 жасар қыз түсік жасату үшін дәрігерге барып, өзін туған әкесі зорлағанын айтқан

    1084 бөлісу
    Бөлісу 434 Твит 271
  • Алматы облысында үшем дүниеге келді

    3368 бөлісу
    Бөлісу 1347 Твит 842
  • Қазақстанның төрт өңіріне өзен суы арнасынан тасу қаупі төніп тұр

    598 бөлісу
    Бөлісу 239 Твит 150
  • Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды

    559 бөлісу
    Бөлісу 224 Твит 140
  • Астана қалалық соты Арман Шораевты кінәлі деп үкім оқып, жаза бекітті

    617 бөлісу
    Бөлісу 247 Твит 154
  • Ақтөбеде әйелі мен қызын пышақтаған мектеп директоры жазықсыз деп танылды

    457 бөлісу
    Бөлісу 183 Твит 114
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.