65 мысықты тек алтын ұрлауға үйреткен зейнеткердің әрекетіне бүкіл әлем қайран қалды
83 жастағы зейнеткер Рут Грегсон 65 мысықты асырап, оларға бағалы заттарды ұрлап, үйге әкелуді үйреткен. Оқиға Колумбусада болды. Полиция әйелді бір жыл көлемінде көршілерінің шағымы бойынша аңдыған.
Ақыры дәлелдер табылып, тексерген кезде зейнеткердің үйінен 650 000 доллар тәркіленді, деп жазды KYN.KZ.
Зейнеткердің көршілері үнемі бағалы бұйымдарының жоғалатынын айтқан. Сондай шағымдардың біріне шақырту алған полицейдің алдынан аузына алқаның кулонын тістеген мысық өтеді.
Көршілердің көбі бұйым жоғалмас бұрын үйлеріне мысық кіріп кеткенін байқаған. Содан полиция сол аумақтың барлығына бақылау камерасын орнатқан. Анықталғандай Руттың мысықтары адам айтса сенгісіз әрекет жасап, иелеріне алтын тасыған.
Полицияның бұл болжамды анықтауына үш сағат қана кеткен. Сол аралықта үйретілген мысықтар өз иесіне жүздеген бұйым жеткізген.
Бірден тергеуге жеткізілген зейнеткер балық жағдайды мойындады. Алтын жеткізген мысыққа ол дәмді тағам беріп отырған. Содан мысықтар иесін қуанту үшін өздері алтын іздей түседі екен.
Зейнеткер осыған дейін 5000 үйді тонағандарын айтқан.
83 жастағы әккі әйел осы қылмысы үшін енді қамауға алынады. Қазірге абақты мерзімі айтылған жоқ.