Басты жаңалықтар

2022 жылғы пітір садақа мөлшері анықталды

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде биылғы пітір садақасының мөлшері анықталды.

Пітір садақаның мөлшері еліміз бойынша 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді.

Биыл пітір мөлшері адам басына 500 теңге болып белгіленді, деп хабарлайды KYN.KZ

Ал ұнның бағасы ҚМДБ-ның қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталған.