Пятница, 27 января, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

«Әскерге барып, он күн ішінде көз жұмды»: Жамбыл облысында мерт болған сарбаздың жеңгесі өз шындығын айтты

25.04.2022
0
«Әскерге барып, он күн ішінде көз жұмды»: Жамбыл облысында мерт болған сарбаздың жеңгесі өз шындығын айтты

Жамбыл облысы Қордай ауданындағы №30212 әскери бөліміне шақырту алған жас сарбаз Әлібек Қалбай мезгілсіз қаза тапты.

13 сәуір күні Маңғыстау облысына қарасты Ақшұқыр ауылынан әскери борышын өтеуге аттанған жауынгер бар болғаны он күн ішінде о дүниелік болған. 18 жастағы жігіттің жеңгесі сарбаз өлімінде шикілік барын айтты, деп хабарлайды КҮН.КЗ сайты Nur.kz порталына сілтеме жасап.

Әлібек Қалбайдың қазасы туралы суық хабарды жақындары 22 сәуір күні естіді. Марқұмның жеңгесі Динара Тілесованың айтуынша, жас жігітті әскерге күштеп алып кеткен. «Әлібек 2003 жылы туған. Мен оның туған жеңгесімін.

Қақ-соқпен ісі жоқ, өзіне біреу тиіспесе, ешкімге күш көрсетпейтін жігіт еді. Қайсарлығы басым болатын. Оны әскерге жұмыс істеп жүрген жерінен алып кетті. Әскери бөлімдегілер 3 миллион теңге айыппұл салатынын, тіпті, қамап тастайтынын айтқан соң, Әлібек Отан алдындағы борышын өтеп келемін деп ұйғарды. Біз оны бүкіл туысымызбен бірге шығарып салдық.

Кейін әскерге барған соң анасымен байланысып, асқазаны ауырып тұрғанын айтқан және дәріге 4 мың теңге аударып жіберуін өтінеді. Міне, содан кейін біз оның қазасы туралы ауыр хабарды ғана естідік», — дейді Динара. Әскери бөлімдегілер жас сарбаздың өліміне қатысты пікір білдірді. Олардың айтуынша, жауынгер сапта тұрған жерінен басы айналып, құлап қалған.

«22 сәуірде рота таңғы астан келгенде казарма алдында тұрған. Сол кезде Әлібек ең соңғы қатарда тұрған. Басы айналып, құлап түсті, артқа қарай. Алғашқы дәрігерлік көмек көрсетіп, бірден медсанбатқа алып кеттік. Басының неден айналғанын білмеймін мен, күніне 2-3 солдат басы айналып құлайды», — дейді Хабар24-ке сұхбат берген №30212 әскери бөлімінің командирі Алмас Доспаев.

Алайда марқұмның туыстары әскери бөлімнің бұл уәжімен келіспейді. Динара Тілесованың айтуынша, сарбаздың денесінен зорлық белгілері байқалған. «Әлібектің денесін Ақтауға алып келді. Біз осы жақтағы сот-медицина сараптамасының қорытындысын күтіп отырмыз.

Өзіміз көрдік, Әлібектің денесінде сау жері қалмаған, соққы іздері өте көп. Барлығын видеоға, суретке түсіріп алдық. Кейін мұның бәрін жарыққа шығаратын боламыз. Отан алдындағы борышын өтеу әрбір жігітке міндет.

Бірақ ешкім әскерге өлім құшу үшін бармайды ғой?! Артында аңырап ата-анасы мен бауырлары қалды. Бүкіл ауылдың қабырғасы қайысты. Баласының табытын құшақтап қалған ананы кім жұбатады? Басы айналып, құлап қалғанына сенбейміз. Заң бойынша сарбаздың өліміне кінәлілерді табуды талап етеміз», — дейді марқұмның жеңгесі.

Айта кетелік, қатардағы жауынгер Әлібек Қалбай 22 сәуір күні Гвардейск әскери қалашығындағы госпитальде көз жұмған еді.

Бөлісу47Твит29
  • «Анайы қызмыт үшін рахмет»: Адвокат Пірәлиев  сарбаз ісіне қатысты тағы тың дерек айтты

    «Анайы қызмыт үшін рахмет»: Адвокат Пірәлиев сарбаз ісіне қатысты тағы тың дерек айтты

    3851 бөлісу
    Бөлісу 1540 Твит 963
  • «Қыркүйекте тойымыз болуы керек еді»: Раймның 7 жыл жүрген қызы Ерке Есмахан мен экс-жігіті жайлы айтты

    4835 бөлісу
    Бөлісу 1934 Твит 1209
  • Анасы: Өзінен он жас үлкен әйел ұлымды ғашық етіп, енді қаматқалы отыр. Балам қамалса әйелді өртеймін

    2120 бөлісу
    Бөлісу 848 Твит 530
  • Министр Ажар Ғиният полицияға бұрынғы вице-министрдің үстінен арыз жазды

    1683 бөлісу
    Бөлісу 673 Твит 421
  • «Аузынан, іш киімінен бірнеше адамның шәуеті шықты»: Әскерде асылып өлді деген сарбаздың адвокаты жан түршігерлік деректер айтты

    1590 бөлісу
    Бөлісу 636 Твит 398
  • 4 баланың анасы: Өзімнен он жас кіші ғашық жігіт айтқанына көнбегенім үшін ұрып, зорлап, үйімді өртеп кетті

    1475 бөлісу
    Бөлісу 590 Твит 369
  • «Інімді өлтірген адамды да кешірді»: Нұрлан Өнербаев марқұм әкесін еске алып, көз жасына ерік берді

    2118 бөлісу
    Бөлісу 847 Твит 530
  • 52 жастағы Түсіпбаева өзіне 29 жастағы жігіттің жазған хатын көрсетті

    1438 бөлісу
    Бөлісу 575 Твит 360
  • Raim Ерке екеуінің үйленгенін әжуалап, сын айтқандарды ұялтып тастады

    1283 бөлісу
    Бөлісу 513 Твит 321
  • Студент: Ақшасын төлеген адамның мұңын тыңдап, уақытша «досы» болып жұмыс істеймін

    1110 бөлісу
    Бөлісу 444 Твит 278
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.