Воскресенье, 26 марта, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Түркістан облысында мұғалім болу 1 млн 700 мың: Ауыл тұрғыны бүкіл былықты жайып салды

25.04.2022
0
Түркістан облысында мұғалім болу 1 млн 700 мың: Ауыл тұрғыны бүкіл былықты жайып салды

Бұл жағдай бірнеше жылдан бері жалғасып кележатқан сыңайлы. Себебі, ауыл тұрғыны директордың туысынан жұмыс сұрап, жылдар бойы күткенін айтқан. Сондай- ақ, Жүзімдік ауылындағылар үшін бұл қалыпты жағдай болып кеткен, деп жазды КҮН.КЗ Журналистің инстаграм парақшасына сілтеме жасай отырып.

«Түркістан облысы, Келес ауданына қарасты Ш.Уалиханов атындағы 31 мектептегі былықты естіп, сенбедім. Ал дәлел ретінде аудио жазбаны тыңдағанда тура бір әзілді қойылымдар сияқты. Мектеп директоры Ақмарал Қамбарова есімді жергілікті тұрғын екен. Оның туған әпкесі Айгүл Қамбарова сол мектепте психолог.

Сол психолог «сатушы», директор әпкесі «хозяйка». Бұлай деуіме себеп бар. Психолог ауыл тұрғындары арасынан мұғалім болып жұмыс іздегендерге орын тауып беріп, ақысын алып, келістіріп жүреді екен. Директор соны айтқаны бойынша қолы таза күйінше «бизнесін дөңгелетіп» әдемі болып отыр.

35 жастағы ауыл тұрғыны маған хабарласып, былайша мұңын шақыт.

«Мен екі баланың анасымын. Денсаулығыма байланысты үшінші топтағы зейнеткермін. Осы ауылға келін болып түскелі дипломымды құшақтап, жұмысқа тұруым мұң болды. Тарих пәнін бітіргенмін. Ары жүгіріп-бері жүгіріп әбден сенделдім. Соңында барлық дүние, жұмысқа тұруым ақша екенін түсіндім, оны айтты.

Тіпті күйеуім үйдің бетін көрмей басқа қалада жұмыс істеп, солардың айтқан ақшасын да тауып берді. Не істейміз енді? Себебі сол жұмысты істейік деп бір жапырақ дипломды алып Шымкентке дейін барып, қақпаған есігім қалмады.

Соңында әділдік, мемлекеттің заңы дегеннің бәрін жинап, осылардың ортасында өмір сүретін болғаннан кейін, солардың заңына көнуге тура келді. Айтқан ақшасын маңдай термен жинадық, жетпегенін кредит алдық. Олар тіпті басында 1 миллион 400 мың деген, соңына жақын 1 миллион 700 мыңға шығарды.

Сенсеңіз соңында қолымдағы алтын сақинамды шешіп бердім. Бүкіл енем, қайын әпке, сіңлілерім, күйеуім менің жұмысымды «қашан болатын болды?» деп қыстап отыр. Отбасымның ойраны шыға жаздады. Үйімізде осы үшін береке қашып, күнде ұрыс. Әділдік орнататын адам болса, көмек қолын созыңыздаршы, өтініш»,- деді есімін атамауды сұраған тұрғын.

Бұдан бөлек директордың сіңлісі мен осы келіншектің сөйлескен аудио жазбасы бар қолымда. Оны Түркістан облысына қарасты білім басқармасындағы жауапты кісіге ұстаттым. Тексерсін, тізсін. Арсыз саудагерлер ұрпақтың, еліміздің жауы жазалансын! Ұстаз терісін жамылғандар ел алдында жасаған қылмысын мойындасын, кешірім сұрасын. Сонымен қоса оларды қайтып білім саласына жолатуға болмайды деп ойлаймын»,-деді журналист Гүлжанат Пірімбетова.

Бөлісу75Твит47
  • Рысбала Икрамбай: ҰҚК, Жанат Бақыттың арандату әрекеттеріне тоқтату салмайсыздар ма? (видео)

    Рысбала Икрамбай: ҰҚК, Жанат Бақыттың арандату әрекеттеріне тоқтату салмайсыздар ма? (видео)

    3185 бөлісу
    Бөлісу 1274 Твит 796
  • 6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6252 бөлісу
    Бөлісу 2501 Твит 1563
  • Тәуелсіз үміткерлер: Тоқаев мырза, сайлауда ескі Қазақстанда болмаған сұмдықтар орын алды (видео)

    1486 бөлісу
    Бөлісу 594 Твит 372
  • Алматы облысында үшем дүниеге келді

    3330 бөлісу
    Бөлісу 1332 Твит 833
  • Жаңаөзенде 14 жасар қыз түсік жасату үшін дәрігерге барып, өзін туған әкесі зорлағанын айтқан

    898 бөлісу
    Бөлісу 359 Твит 225
  • Ермұрат Бәпи: Енді Арман Шораевқа басқа «охота» басталуы әбден мүмкін… 

    849 бөлісу
    Бөлісу 340 Твит 212
  • 4 балалы Малика: Енем күйеуіме менімен ажырас әйтпесе «Ақ сүтіме разы болмаймын» деп шарт қойды

    1605 бөлісу
    Бөлісу 642 Твит 401
  • Астана қалалық соты Арман Шораевты кінәлі деп үкім оқып, жаза бекітті

    615 бөлісу
    Бөлісу 246 Твит 154
  • Астанада неке рәсіміне келген ер адам намаз оқып отырған имамды 13 жерден пышақтады

    2050 бөлісу
    Бөлісу 820 Твит 513
  • Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды

    457 бөлісу
    Бөлісу 183 Твит 114
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.