Басты жаңалықтар

Пітір садақаны берудің ережесі

Ораза айында берілетін пітір садақаны берудің өз амалы бар. Оны жай садақамен шатастырмаған жөн. Мысалы, пітір садақасы әр жылы бір келі ұнның бағасына сай, жан басына деп белгіленеді.

Пітір садақаны беріп тастау қажет 

Пітір садақа Рамазан айында беріледі. Егер кімде-кім пітір садақаны әлі бермесе, Ораза айт намазы оқылғанға дейін беріп тастауы қажет. Айт намазынан кейін берілген пітір садақа жай садақа болып қалады. Биыл пітір садақаның мөлшері – жан басына 500 теңге.

 Жағдайы бар адамдар оны мейіздің немесе құрманың бағасымен бере алады. Ораза айт күні ауыз бекітуге бола ма Ораза айттың таңында сәресі ішілмейді. Дастарқан жайып, дәмнен ауыз тиетін күн болғандықтан, бірінші күні ауыз бекітуге тыйым салынған. Рамазан айынан қалған қаза оразаны айттың екінші күні, яғни, 3 мамырдан бастап ұстай беруге болады.