Басты жаңалықтар

Мүсірепов атындағы театрда "Король Лир" сахналанды

Көптен күткен премьера «Король Лир». Ғабит Мүсірепов атындағы мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры әлемдік қойылымды өзгеше етіп көрермен назарына ұсынды, деп жазды KYN.KZ.

Қалың көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп, үш күн сахыналанды. Актерлардың шынайы рөлі көптің жүрегіне жол тапқаны анық. Күлетін жерінде күліп, тіпті көздеріне жас алатын бөлімдері де аз болған жоқ. Келген жанның ерекше әсермен кеткені анық. 

Бұл туындыға 4 ай  дайындалған, өзіндік көз қарасын бүгінгі заманмен ұштастыра білген қоюшы режиссер  Фархат Молдағали өз пікірін айтты.

«Король Лир төрт ғасыр бұрын жазылған.Бүгін қойылуы бүгін актуальды болып тұр. Король Лирдің бүгінгі тақырыбы дәл бүгінгі күн. Біз мұны қазаққа жақындатамыз.Одан кейін қайтадан Британияны еске аламыз.Одан кейін қайтадан бері әкеліп бүгінгі күнге алып келеміз. Сепонысымен де ерекше болып тұр»,- дейді Фархат Молдағали.