Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Тест кезінде тікелей эфирге шыққан түлек желіні шулатты

Тест кезінде тікелей эфирге шыққан түлек желіні шулатты
ашық дереккөз
Бірақ түлек бұл әрекеті үшін ешқандай жазаға тартылмайтын болды
Қызылордада ұлттық бірыңғай тест кезінде ұялы телефонымен тікелей эфирге шыққан қыздың видеосы әлеуметтік желіні шулатты, деп хабарлайды КТК. Интернетте тарап кеткен бейнежазбада талапкердің сұраққа жауап таппай қиналып жатқан құрдастарын түсіріп отырғаны анық көрінеді. Бетперде киіп алған өзін де көрсетуді жөн көріпті. Телефонды аудиторияда емін-еркін қолданып отырған түлекке тексеруші ешқандай ескерту жасамаған сыңайлы. Ал өңірдің білім басқармасы тәртіп бұзған қызға ешқандай шара қолданылмайды дейді. "Бала шығармашылық емтихан тапсырған. Қолы бос болған. Емтихан материалдарын өткізуге кезек күтіп отырған кезде түсірілген жағдай. Ереже талаптарын бұзып отыр. Телефонды алып кірген", — дейді Қызылорда облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Бағдат Бердәулет.  
 
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар