Ешкімді танымайды: Маңғыстауда әскерге кеткен жігіт бір аптадан кейін үйіне қайтарылды
Биыл мамыр айының басында әскерге шақырту алған Талғат Айтмұханов 25744 әскери бөліміне қызметке жіберіліп, төрт күннен соң психологиялық аутықуларға тап болған.
Лада басылымының хабарлауынша, жігіт араға бір апта салып, үйіне қайтарылған.
Магниттік-резонанстық томографияға жүргізілген тексеруде жігіттен ауытқулар анықталмаған. Денесінен жарақаттар табылмаған.
25744 әскери бөлімі командирінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ренат Шәріповтың айтуынша, 11 мамырда Талғат әскерге шақыру учаскесіне келіп, туған-туыстарына қызмет ететін орны туралы хабарланған.
Медициналық тексеруден сәтті өтіп, денсаулық жағдайына шағымдары болмаған. Қазір әскери полиция оқиғаның мән-жайын айнықтап жатыр.