Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Тараздық оқушы Лондондағы байқауда алтын медаль жеңіп алды

Тараздық оқушы Лондондағы байқауда алтын медаль жеңіп алды
ашық дереккөз

Лондонда өткен ағылшын тілі олимпиадасында тараздық оқушы Ихсан Ілесов алтын медаль жеңіп алды. Одан бөлек, қазақстандық жасөспірімдердің еншісінде 1 күміс, 1 қола медаль бар.

"Төрт ұлым бар, Ихсан үшіншісі. Екінші балам мен үшінші баламның жас айырмашылығы 10 жас. Ихсанның ағылшын тілін жетік білуіне Сарыкемер ауылында ағылшын тілі мұғалімі болып жұмыс істейтін үлкен ұлымның еңбегі зор.

Ал екінші балам Қызылорда қаласындағы "Білім-Инновация" лицейінде жұмыс істейді және Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде биология мамандығы бойынша оқуын аяқтайды", - дейді жетінші сынып оқушысының анасы Ләззат Ілесова. 

Ихсан Ілесов Тараздағы жекеменшік мектептердің бірінде оқиды. Айтуынша, тіл олимпиадасы ол үшін үлкен сынақ болыпты. Әр кезең сайын берілген тапсырмалардың деңгейі қиындай берген екен.

Халықаралық жасөспірімдер олимпиадасы тамыз айының басында басталып, 5 күнге созылды. 

Дереккөзі:Tengrinews

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар