Вторник, 30 мая, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Тоқаев Шөкеевтің отставкасын қабылдап, Түркістан облысына жаңа әкім тағайындады

31.08.2022
0
Тоқаев Шөкеевтің отставкасын қабылдап, Түркістан облысына жаңа әкім тағайындады

Түркістан облысының әкімі болып Дархан Сатыбалды тағайындалды, деп хабарлайды KYN.KZ.

«Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Түркістан облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылсын», — делінген жарлықта.Сондай-ақ президенттің жарлығымен Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысының әкімі лауазымынан босатылды.

Ол облысты 2019 жылдың ақпанынан бері басқарды. Қасым-Жомарт Тоқаев аймақ басшысы қызметіндегі көп жылғы жұмысы үшін Шөкеевке алғыс айтты. Еске салсақ, 26 тамыз күні Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің отставкаға кетуге өтініш бергені хабарланды. Өңір басшысы өтінішті 24 тамызда жазған.Бұған дейін сот үкімімен Кентау қаласының бұрынғы басшысы Дәурен Мақажанов жемқорлық үшін 10 жылға сотталды.

Сол жолы Өмірзақ Шөкеев отставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеген еді. Айта кетері, Қазақстанда басшылардың қол астындағы қызметкерлері үшін жауапкершілігі заңнамалық деңгейде бекітілген болатын. Заңға сәйкес, саяси мемлекеттік қызметшілер – министрлер мен олардың орынбасарлары, өңір әкімдері мен олардың орынбасарлары, аудан әкімдері тікелей бағынышты қызметкерлері сыбайлас жемқорлық жасаса, отставкаға кетуге өтініш беруге міндетті. Ал отставканы қабылдап-қабылдамау мәселесін президент шешеді. 

Дархан Сатыбалды туралы не білеміз

Дархан Сатыбалды 1974 жылы Сарыағаш ауданында туған.С.Сейфуллин атындағы Ақмола ауыл шаруашылығы институтын, Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітірген. Мамандығы – экономист-менеджер, заңгер.

Әр жылдары премьер-министр кеңсесі бөлім меңгерушісінің орынбасары, Шымкент әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып еңбек етті. Сондай-ақ сенат депутаты болды. Соңғы жылдары Қазақстанның Өзбекстандағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарды.»Құрмет» орденімен және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Бөлісу21Твит13
  • Қарттар үйі туралы бар шындықты жайып салған кейуана өз-өзіне қол жұмсайтынын айтты

    Қарттар үйі туралы бар шындықты жайып салған кейуана өз-өзіне қол жұмсайтынын айтты

    1925 бөлісу
    Бөлісу 770 Твит 481
  • Қазақстанда демалыс орындары «өзіңізбен тамақ алып кірмейсіз» десе тұтынушы құқығын таптағаны

    1213 бөлісу
    Бөлісу 485 Твит 303
  • Айжан Байзақовадан сұхбат алған Динара Сәтжанның басы тағы да дауға қалды

    1164 бөлісу
    Бөлісу 466 Твит 291
  • Оранған бойжеткенді зорламақ болған ұлттық қауіпсіздік қызметкеріне сот үкімі шықты

    1120 бөлісу
    Бөлісу 448 Твит 280
  • Алматыда 19- қабаттан секірген қыз туралы жаңа деректер шықты

    818 бөлісу
    Бөлісу 327 Твит 205
  • 16 жыл бұрын әйелінен айырылған Аманжол Әлтаев неліктен үйленбегенін айтты

    2075 бөлісу
    Бөлісу 830 Твит 519
  • Димаш Құдайберген жаңа әнінің шығу тарихымен бөлісті

    570 бөлісу
    Бөлісу 228 Твит 143
  • Енесіне еркелеген Азамат Сатыбалдының жұбайы көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді

    871 бөлісу
    Бөлісу 348 Твит 218
  • «Енді оларды ешкім алмайды» Имам мектеп бітіру кешінде вальс билеу үрдісін тоқтатуды талап етті

    835 бөлісу
    Бөлісу 334 Твит 209
  • Оранған блогер хиджап кигені үшін ақша берілетінін және арнайы келісімшартқа отырғандарын мойындады

    994 бөлісу
    Бөлісу 398 Твит 249
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.