Ақтөбеде мас күйінде 5 айлық баласын ауладағы орындықта ұмытқан анаға сот үкім шығарды
Ақтөбеде баласын орындықта қалдырған жас анаға қатаң ескерту жасалды, деп хабарлайды ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, 11 тамызда Ақтөбе қаласында мас келіншек бес айлық баласын даладағы орындықта қалдырып кетті.Бір сағаттан кейін қайтып келген, бірақ нәресте ол жерде болмай шықты.
Оны сол жерден өтіп бара жатқан әйел тауып, полицияға т апсырған. Оның айтуынша, мас келіншек сәбиді даладағы орындықта қалдырып кетті.Шамамен, бір сағаттан кейін полицияға 25 жастағы келіншек хабарласып, баласының жоғалғанын айтты.