Понедельник, 27 марта, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Мәхірге қымбат көлік сұраған қалыңдықты жігіті той үстінде тастап кетті

19.09.2022
0
Мәхірге қымбат көлік сұраған қалыңдықты жігіті той үстінде тастап кетті

Бұл туралы тұрмысқа шықпақ болған қыздың анасының құрбысы желіде жазды. Айтуынша жігіт пен қыздың туыстары барлық жақынын шақырып, тойға әбден дайындалған. Тек ұзату күнгі мешіттегі жағдай себеп болып, жігіт бір ауыз сөзін айтып молданың алдынан тұрып кеткен, деп жазды KYN.KZ. Жігіт сол бойы не қызға, не туыстарына ештеңе түсіндірместен Астанадағы жұмысына кетіп қалған.

«Бүгін тойға дайындалып отырғам. Қыз жағынан баруым керектін. Қыздың шешесі қырық жылғы сыйласым еді. Қыздарым келеді деп бәлішке қамыр ашытып жатсам, звондайды. Еңіреп тұр.

Зәрем қалмады. Сөйтсем, кеше қыз бен күйеу мешітке некеге тұруға барады. Әлігі махирде қыз қарап отырмай ең қымбат (маркасын айтып еді, ұмытып қалдым) машинаны сұрапты. Өткенде болашақ күйеубаласымен бірге той қамымен жүргенде кездейсоқ ұшырасып қап, бірбеткейлеу жігіт екенін байқап қалғам.

Болашақ жары ең қымбат машина сұрағанына шарт еткен күйеу бала үнсіз орнынан тұрып, “той болмайды!” депті де, ешкімге қарамай кетіп қалыпты?! Бір досы машинаға мініп үлгеріпті. Қасындағы досы арқылы қыздың “ойнап айттым” дегенін естіп, “құдайдың үйінде ойнайтын қатын керек емес!” деп, шорт кесіпті. Екі ортада тойға шашылған шеше еңіреп тұр. Күйеу жақтағы құдағимен хабарласса “Балам бетбақтырмайды. Біз жақ та да той болмайтынын жарияладық.

Баламыз Астанаға кетіп қапты. (жігіт Астанада жұмыс істейді) Қызыңыз өзінен көрсін” депті. Жұбатарға сөзім жоқ?! “Сәке, қыз тумадым деп өкінбе. Мисыз қыздың барынан — жоғы. Ел-жұртқа масқара болдым. Қалталы, ақылды күйеуді құдай берудей-ақ беріп еді, қыз ақымақ болса қиын екен” деп, тойдың болмайтынын айтты. Кенжесі болған соң бетінен қақпай өсіріп еді, байдан қайтқаннан ауыр жайтқа ұшырағанын айтсаңшы?..

Тойдың болмай қалуы… Некеде отырып, мынадай күйге ұшырау деген жақсы емес әрине. Біздің кезімізде еш махер-сахерсіз-ақ неке қиып, пәтер жағалап жүріп-ақ бала туып, үйлі боп ек.. Арабтың салтын сонша әспеттегеннен не шықты енді? Тәрбие көрмеген дейін десең, әке-шешесі зиялы жандар. Екі қыз, екі ұлын үйлендірген, жағдайы жақсы, ағайын-туғанға сыйлы, жайқалған әулет. Мисыз қызды қойшы, шешесіне жаным ашып отыр»,-деп жазды желі қолданушысы Сая Қасымбек.

Бөлісу58Твит36
  • Рысбала Икрамбай: ҰҚК, Жанат Бақыттың арандату әрекеттеріне тоқтату салмайсыздар ма? (видео)

    Рысбала Икрамбай: ҰҚК, Жанат Бақыттың арандату әрекеттеріне тоқтату салмайсыздар ма? (видео)

    3801 бөлісу
    Бөлісу 1520 Твит 950
  • Тәуелсіз үміткерлер: Тоқаев мырза, сайлауда ескі Қазақстанда болмаған сұмдықтар орын алды (видео)

    1490 бөлісу
    Бөлісу 596 Твит 373
  • 6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6317 бөлісу
    Бөлісу 2527 Твит 1579
  • Ермұрат Бәпи: Енді Арман Шораевқа басқа «охота» басталуы әбден мүмкін… 

    1108 бөлісу
    Бөлісу 443 Твит 277
  • Жаңаөзенде 14 жасар қыз түсік жасату үшін дәрігерге барып, өзін туған әкесі зорлағанын айтқан

    1081 бөлісу
    Бөлісу 432 Твит 270
  • Алматы облысында үшем дүниеге келді

    3366 бөлісу
    Бөлісу 1346 Твит 842
  • Қазақстанның төрт өңіріне өзен суы арнасынан тасу қаупі төніп тұр

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Твит 149
  • Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды

    557 бөлісу
    Бөлісу 223 Твит 139
  • Астана қалалық соты Арман Шораевты кінәлі деп үкім оқып, жаза бекітті

    617 бөлісу
    Бөлісу 247 Твит 154
  • Ақтөбеде әйелі мен қызын пышақтаған мектеп директоры жазықсыз деп танылды

    455 бөлісу
    Бөлісу 182 Твит 114
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.