Басты жаңалықтар
Сүлейменовтің марқұм немересінің қалыңдығы: Өлерінен жарты сағат бұрын сөйлескен едік
- автор kyn.kz
- 27 маусым, 2018
- 401
Олжас Сүлейменовтің немересі Ескендір Сүйлейменовтің қалыңдығы сүйіктісі жайлы соңғы естеліктерді баяндап берді
Қыздың айтуынша, туыстары Ескендірдің мотоцикл жүргізуіне қарсы болған. Бірақ Ескендір олардың айтқанына құлақ аспапты, деп жазды Tengrinews.kz. Алуа Бекқожаның айтуынша Ескендір ойына алған ісін атқармайынша тыныш таппайтын жан болған. Ал, мотоциклмен жүру оның бала күнгі арманы екен.
«Мен оған мотоциклмен жүрме деп талай айттым. Тіпті не мені, не мотоны таңда деп те талап қойдым», – дейді марқұмның қалыңдығы.
Алуа Ескендірмен ортақ танысы таныстырғанын айтты. Біраз жыл дос болып, кейін бір бірін жақсы көретінін түсіне бастаған.
«Үнемі бізді әлдене тартып тұратын. Біз кездесіп жүрген біраз күннен соң ол маған үйленгісі келетінін айтты», – дейді Алуа.
Ескендір қалыңдығына екі ай бұрын сөз салып, бұл туралы жақындарына ескерткен. Үйлену тойы күзде өтуі тиіс болған.
Алуа Ескендірді мейірімді, жарқын жан болды деп еске алады. Жұмыста жүргенінде сүйіктісінің өлімі жайлы естіген.
«Ол мен сүйген адам еді. Өлерінен жарты сағат бұрын ғана смс жазыстық. Менің соңғы хатымды оқыған жоқ», – дейді Алуа.
Бойжеткеннің айтуынша Ескендір бір сәттік көңіл көтеру үшін мотоциклмен ұша жөнелеін адам емес. Оған әлдене себеп болған.