Суббота, 25 марта, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Петропавл қазақтары неліктен ресейліктерге тегін пана бергенін айтты

27.09.2022
0
Петропавл қазақтары неліктен ресейліктерге тегін пана бергенін айтты

Ресеймен шекаралас облыс орталықтарында жалға алатын баспана қалмаған. Ал қонақ үйлер лық толы, бос орын жоқ. Батыста ресейліктерді мешіт пен кинотеатрда қондырса, солтүстіктің тұрғындары үйін тегін ұсынып жатыр, деп хабарлайды KYN.KZ Astana TV арнасына сілтеме жасап.

Шекарадағы кептелістен қашқан ресейліктер Қазақстанға пойызбен келе бастады. Біреулер көп бөгелмейміз десе, енді біреулер уақытша қаламыз деп отыр.

«Мен бірнеше күннен кейін Канадаға кетуді жоспарлап отырмын. Сондықтан Қазақстанға уақытша келдім. Қазір Астанаға жол жүремін. Сендерде таксидің құны өте қымбат екен», — дейді Ресей азаматы Александр Марков.

Ал Иван Васюков Мәскеуден келді. Теміржол шекарасында ешкімді тоқтатқан жоқ.

«Қазақстанға әзірге бір айға келдім. Әрі қарай көре жатармыз. Мұнда пәтер бағасы аспандап кеткенін естідік. Енді пәтер іздейміз, амал жоқ», — деп атап өтті ол.

Қазіргі кезде Петропавлда үйді жалдау құны кемінде екі есе өскен. Соған қарамастан, бос пәтер жоқ. Жалға берілетін үйдің тапшы екенін ресми органдар да растап отыр. Қаладағы отельдерде де орын қалмаған. Бұл проблемаға бейжай қарай алмаған қала тұрғындары көшеде қалған ресейліктерге ақысыз пана ұсынып жатыр. Солардың бірі – Райхан Шәріпова.

«Мен жас балаларды вокзалда көріп, жүздерінен алаңдаушылықты байқадым. Кейін екі мәскеулік жігітті өз үйіме алып кеттім. Менің балам да ресейлік 2 азаматқа үйін тегін берді. Біреуі Томск, екіншісі Красноярск қаласынан. Олар бұл саяси жағдайдың тұтқындары. Сондықтан тым жас болған соң, мен оларды аяп кеттім. Адам өлтіргім келмейді дейді. Көмектесу керек деп ойлаймын», — деді Шәріпова.

Еріктілер ресейліктерге ыстық тамақ пен шай таратып жүр. Ал Оралдың кәсіпкерлері көрші елден келгендерді кинотеатрға тегін түнетіпті. Екі күннің ішінде мұнда 300-ден астам азамат пана тапқан.

«Сенбі күні елімізге келгендердің көшеде қайда барарын білмей, қаңғырып жүргенін көрдік. Күн суып кеткесін аяп, кинозалға қонып шығуын ұсындық. 4 залға орналасқан жігіттерге еріктілер ыстық шай, тамақ әкеліп көмектесті. Содан жексенбі күні де қондырдық. Бірақ оларды апта бойы паналатпаймыз. Бүгін санитарлық өңдеу жүргіземіз. Біздің де негізгі жұмысымыз, яғни күн сайын киноға келетін көрермендеріміз бар», — дейді кинотеатр директоры Дилара Мұхамбетова.

Батыс Қазақстан облысына Ресейден бірнеше күннің ішінде 17 мыңнан астам адам келген.

Бөлісу12Твит8
  • 6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6250 бөлісу
    Бөлісу 2500 Твит 1563
  • Рысбала Икрамбай: ҰҚК, Жанат Бақыттың арандату әрекеттеріне тоқтату салмайсыздар ма? (видео)

    3162 бөлісу
    Бөлісу 1265 Твит 791
  • Алматы облысында үшем дүниеге келді

    3329 бөлісу
    Бөлісу 1332 Твит 832
  • Тәуелсіз үміткерлер: Тоқаев мырза, сайлауда ескі Қазақстанда болмаған сұмдықтар орын алды (видео)

    1486 бөлісу
    Бөлісу 594 Твит 372
  • 4 балалы Малика: Енем күйеуіме менімен ажырас әйтпесе «Ақ сүтіме разы болмаймын» деп шарт қойды

    1604 бөлісу
    Бөлісу 642 Твит 401
  • Астанада неке рәсіміне келген ер адам намаз оқып отырған имамды 13 жерден пышақтады

    2050 бөлісу
    Бөлісу 820 Твит 513
  • Жаңаөзенде 14 жасар қыз түсік жасату үшін дәрігерге барып, өзін туған әкесі зорлағанын айтқан

    892 бөлісу
    Бөлісу 357 Твит 223
  • Ермұрат Бәпи: Енді Арман Шораевқа басқа «охота» басталуы әбден мүмкін… 

    841 бөлісу
    Бөлісу 336 Твит 210
  • Бибігүл Төлегенова өзінен бір мүшел жас үлкен күйеуінен көрген қиындықтарды айтып берді

    2414 бөлісу
    Бөлісу 966 Твит 604
  • Алматы облысында үш оқушы ер адамды өлімші етіп сабап, мүгедек қылып қойды

    1561 бөлісу
    Бөлісу 624 Твит 390
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.