Суббота, 25 марта, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Ұн мен нан өнімдері бұдан да қымбатауы мүмкін

29.09.2022
0
Ұн мен нан өнімдері бұдан да қымбатауы мүмкін

Елімізде тағы да ұн қымбаттады. Былтырғы жылмен салыстырғанда биыл ұнның бағасы 41 пайызға өскен. Соның салдарынан нан өнімдерінің құны да шарықтап бара жатыр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК арнасының жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Алайда сарапшылар маусым айынан бастап қыркүйектің соңына дейін өзге елдерге астық өнімдерін экспорттауға тыйым салынып, жүргізілген квотаның арқасында бағаны ауыздықтай алдық деп отыр.

Елімізде ұнның құны да ет пен майдан қалыспай күннен-күнге қымбаттап жатыр. Өткен жылмен салыстырғанда ұн биыл 41 пайызға бір-ақ көтерілген. Бұл өз кезегінде нан өнімдерінің бағасына да тікелей әсер етіп жатыр дейді кәсіпкерлер.

«Биыл кондитерлерге өте қиын болып жатыр. Сәуірмамыр айларында ұн, қант, жұмыртқа бағасы аспандап кетті. Міне, тағы да соңғы айда 5 пайызға ұн қымбаттап отыр. Соның өзінде бағаны тұрақты ұстап тұруға барымызды салып жатырмыз. Алайда ол өзөзін ақтамайды. Ұнды қап-қабымен сатып алатындықтан, көп қаражатты соған жұмсаймыз»,- деді Балнұр Бердімұратова, кондитерлік дүкеннің басшысы.

Ал сарапшылар елімізде маусым айында жүргізілген квотаның арқасында баға біршама тұрақталғанын айтады. Сондай-ақ қамба астыққа толған күзгі уақытта қымбатшылық болмауға тиіс деп санайды.

«Ұнның қымбаттауына еліміздегі дәнді дақылды экспорттауға тыйым салу немесе шектеу әсер етті деп ойламаймын. Біріншіден, бидайды өсіретін әрбір шаруа ішкі нарыққа белгілі бір бөлігін өткізіп отыруға тиіс. Қазір жүргізілген квотаның арқасында диірменшілер өзіміздің бидайды тек ел ішінде ғана өндеп, сатумен айналысуда. Қазір қымбат бағада сатып жатқандар былтырғы өнімдерін өткізіп жатса керек»,- дейді Кирилл Павлов, сарапшы.

Республика бойынша ең қымбат ұн Павлодар облысында. Одан кейін қымбатшылық жетісулықтарды да қыса бастаған. Сондай-ақ үштікке Батыс Қазақстан облысы кіреді. Energyprom мәліметінше, аталған аймақтарда ұн  бағасы 13 пайызға дейін өскен. Алайда астық өндірушілер одағындағылар баға 10 пайызға арзандады дейді.

Ұн мен нан бағасы төмен үштіктің қатарына Ақмола, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстары кіреді. Елімізде осы жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында 2 миллион тонна дақыл өндірілген.

Бөлісу16Твит10
  • 6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6248 бөлісу
    Бөлісу 2499 Твит 1562
  • Рысбала Икрамбай: ҰҚК, Жанат Бақыттың арандату әрекеттеріне тоқтату салмайсыздар ма? (видео)

    3142 бөлісу
    Бөлісу 1257 Твит 786
  • Алматы облысында үшем дүниеге келді

    3328 бөлісу
    Бөлісу 1331 Твит 832
  • Тәуелсіз үміткерлер: Тоқаев мырза, сайлауда ескі Қазақстанда болмаған сұмдықтар орын алды (видео)

    1486 бөлісу
    Бөлісу 594 Твит 372
  • 4 балалы Малика: Енем күйеуіме менімен ажырас әйтпесе «Ақ сүтіме разы болмаймын» деп шарт қойды

    1602 бөлісу
    Бөлісу 641 Твит 401
  • Астанада неке рәсіміне келген ер адам намаз оқып отырған имамды 13 жерден пышақтады

    2050 бөлісу
    Бөлісу 820 Твит 513
  • Жаңаөзенде 14 жасар қыз түсік жасату үшін дәрігерге барып, өзін туған әкесі зорлағанын айтқан

    887 бөлісу
    Бөлісу 355 Твит 222
  • Ермұрат Бәпи: Енді Арман Шораевқа басқа «охота» басталуы әбден мүмкін… 

    834 бөлісу
    Бөлісу 334 Твит 209
  • Бибігүл Төлегенова өзінен бір мүшел жас үлкен күйеуінен көрген қиындықтарды айтып берді

    2414 бөлісу
    Бөлісу 966 Твит 604
  • Алматы облысында үш оқушы ер адамды өлімші етіп сабап, мүгедек қылып қойды

    1561 бөлісу
    Бөлісу 624 Твит 390
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.