Басты жаңалықтар

Енді жол апатына түскендер полиция мен сақтандыру компаниясы өкілін шақырмаса да болады

Бұдан былай пжол апаты болғанда полицейлер мен сақтандыру компанияларының мамандарын шақырып жүрудің қажеті жоқ, деп

хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Еуро хаттама толтырып, 2 жүргізуші екі жаққа кете берсе болады. Алайда бірнеше міндетті талаптар бар. Жаңа заң бойынша, егер жол апаты тек екі көліктің қатысуымен, адам денсаулығына зиян келтірмей, жүргізушілер апатқа кінәлі және жәбірленуші болып келісілген жағдайда еуро хаттаманы толтырса болады.

Тағы бір айта кететін жайт, көлікке келтірілген зақым 318 мың теңгеден аспаса, онлайн хаттама арқылы ақшаңызды өндіріп ала аласыз.

«Бұндай хаттама түрлері Еуропа елдерінде жиі қолданылады. Мәселен Германия, Бельгия, Греция және Франция секілді мемлекеттердің жүргізушілері еуро хаттама толтыруға бейімделген. Бұл әдіс жолдағы қозғалысқа бөгет келтірмей, сот арқылы болатын даулардың санын азайтады. Бір шетінен жүргізушілердің уақытын үнемдеуге септеседі», – деді ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Мария Хаджиева.