Четверг, 23 марта, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Бойы 2 метр 15см, аяғының өлшемі 56: Атырауда тұратын алып адам өзі туралы алғаш рет айтты

04.10.2022
0
Бойы 2 метр 15см, аяғының өлшемі 56: Атырауда тұратын алып адам өзі туралы алғаш рет айтты

Атырау облысы Индер ауданы Құрылыс ауылында алып адам өмір сүреді. Оның есімі — Парасат Нұрғалиев. Алып адамның бойы 2 метр 15 сантиметр болса, салмағы 150 келі, ал аяқкиімінің өлшемі — 56. «Ақ Жайық» басылымы алып адаммен кездесіп, сұхбаттасып қайтқан, — деп хабарлайды,KYN.KZ.

Алып адам — Парасатқа сай киім табу қиын. Парасатқа киімді арнайы тігінші — туысы тігіп береді екен. Ал аяқкиім табу расында өте қиын. Алып адамның аяғына сай жалғыз аяқкиім — резина аяқкиімдер. Бірақ жаңбыр жауған күні және аязда сыртқа шыға алмай қалады. Сондықтан Байғали Өтеманов бастаған ауыл тұрғындары алып адамға аяқкиім тігіп беруге шешкен.    

«Қажымұқанның аяғының өлшері 54 болған. Ал Парасаттың аяғының өлшемі — 56. Тапсырысқа аяқкиім тігетін жерді ұзақ іздедім. Көптеген шебермен сөйлестім, бірақ аяқкиімінің өлшемін естігенде бас тартады. Астаналық тігіншілер Парасаттың өзі келген жағдайда ғана тігіп беретінін айтты. Бірақ Астанаға жету үшін де аяқкиім керек қой. Эксклюзив тапсырысты орындауға алматылық шебер Валерий Воронин ғана келісті. (…) Шеберде 56-шы өлшемнің үлгісі болмады, сондықтан 52-ші өлшемді ұзартып, тапсырысты 20 күннің ішінде жасап берді», — дейді Байғали Өтеманов. 

Парасат аяқкиімді көре сала қуанып кеткен. 

«Мұндай аяқкиімді соңғы рет қашан кигенім де есімде жоқ», — дейді алып адам. 

Ауыл тұрғыны Байғали Өтемановтың сөзінше, олар Парасатқа қыстық аяқкиім де тапсырысқа беріп қойған. 

«Басқа балалардан айырмашылығым жоқ еді. Бірақ алтыншы сыныптан кейін өсе бастадым. Сүйектерім ірілене бастағанын сезгендей болдым. Киімдерім де тез кішірейе берді. Мектепте бәрінен биік болып кеттім де аяғымның өлшемі үлкейіп кетті. 9-10 сыныптың өзінде өзіме сай аяқкиім табу қиын болып кетті, ол кезде аяғымның өлшемі 50 еді. Мектеп бітірген кезімде салмағым 120 келі болса, бойым 2 метр болды. Бірақ денсаулығымда ешқандай кінарат жоқ», — дейді Парасат.    

Алып адамның сөзінше, бойының ұзын болуы еш кедергі келтірмейді. Тіпті үйреніп те кеткен. Сонымен қатар, Парасат қандай жұмыс істейтінін айтты. 

«Тұрақты жұмысым жоқ, көбіне үйдің іргетасын қалаумен және сылақ жұмыстарымен айналысамын. Жұмыстан шаршамаймын, кез келген жұмысты істей беремін», — дейді Парасат. 

Бөлісу236Твит148
  • 6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6020 бөлісу
    Бөлісу 2408 Твит 1505
  • Алматы облысында үшем дүниеге келді

    3202 бөлісу
    Бөлісу 1281 Твит 801
  • Бибігүл Төлегенова өзінен бір мүшел жас үлкен күйеуінен көрген қиындықтарды айтып берді

    2366 бөлісу
    Бөлісу 946 Твит 592
  • Мадина Садуақасова енесімен қарым-қатынасындағы қиыншылық туралы айтты

    1868 бөлісу
    Бөлісу 747 Твит 467
  • Астанада неке рәсіміне келген ер адам намаз оқып отырған имамды 13 жерден пышақтады

    2028 бөлісу
    Бөлісу 811 Твит 507
  • 4 балалы Малика: Енем күйеуіме менімен ажырас әйтпесе «Ақ сүтіме разы болмаймын» деп шарт қойды

    1405 бөлісу
    Бөлісу 562 Твит 351
  • Тәуелсіз үміткерлер: Тоқаев мырза, сайлауда ескі Қазақстанда болмаған сұмдықтар орын алды (видео)

    1371 бөлісу
    Бөлісу 548 Твит 343
  • Алматы облысында үш оқушы ер адамды өлімші етіп сабап, мүгедек қылып қойды

    1545 бөлісу
    Бөлісу 618 Твит 386
  • Али Оқапов әке болғалы өміріндегі өзгерістер туралы айтты

    1054 бөлісу
    Бөлісу 422 Твит 264
  • Ақтөбе облысына қарасты Қобда ауылында қызыл су басқан үйлер құлап жатыр

    1189 бөлісу
    Бөлісу 476 Твит 297
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.