Бойы 2 метр 15см, аяғының өлшемі 56: Атырауда тұратын алып адам өзі туралы алғаш рет айтты
Атырау облысы Индер ауданы Құрылыс ауылында алып адам өмір сүреді. Оның есімі - Парасат Нұрғалиев. Алып адамның бойы 2 метр 15 сантиметр болса, салмағы 150 келі, ал аяқкиімінің өлшемі - 56. "Ақ Жайық" басылымы алып адаммен кездесіп, сұхбаттасып қайтқан, - деп хабарлайды,KYN.KZ.
Алып адам - Парасатқа сай киім табу қиын. Парасатқа киімді арнайы тігінші - туысы тігіп береді екен. Ал аяқкиім табу расында өте қиын. Алып адамның аяғына сай жалғыз аяқкиім - резина аяқкиімдер. Бірақ жаңбыр жауған күні және аязда сыртқа шыға алмай қалады. Сондықтан Байғали Өтеманов бастаған ауыл тұрғындары алып адамға аяқкиім тігіп беруге шешкен.
"Қажымұқанның аяғының өлшері 54 болған. Ал Парасаттың аяғының өлшемі - 56. Тапсырысқа аяқкиім тігетін жерді ұзақ іздедім. Көптеген шебермен сөйлестім, бірақ аяқкиімінің өлшемін естігенде бас тартады. Астаналық тігіншілер Парасаттың өзі келген жағдайда ғана тігіп беретінін айтты. Бірақ Астанаға жету үшін де аяқкиім керек қой. Эксклюзив тапсырысты орындауға алматылық шебер Валерий Воронин ғана келісті. (...) Шеберде 56-шы өлшемнің үлгісі болмады, сондықтан 52-ші өлшемді ұзартып, тапсырысты 20 күннің ішінде жасап берді", - дейді Байғали Өтеманов.
Парасат аяқкиімді көре сала қуанып кеткен.
Ауыл тұрғыны Байғали Өтемановтың сөзінше, олар Парасатқа қыстық аяқкиім де тапсырысқа беріп қойған.
Алып адамның сөзінше, бойының ұзын болуы еш кедергі келтірмейді. Тіпті үйреніп те кеткен. Сонымен қатар, Парасат қандай жұмыс істейтінін айтты.