Басты жаңалықтар

Алматы облысында күйеуінің туыстары 6 баланың анасын өлімші етіп сабап тастады

35 жастағы әйелді күйеуінің ағасы мас күйінде балаларының көзінше өлімші етіп сабаған, деп хабарлайды KYN.KZ. Ол тіпті өзінің 23 жастағы баласымен бірге осындай қатыгездікті жасаған. Әйелді ұрған қайнағасы мас күйде болған, ол әйелді зорлауға да әрекеттенген.

Бұл жөнінде бірінші қазан күні құқық қорғаушы Ләззат Рақышева хабарлаған еді. Оның сөзінше қайғылы жағдай Алматы облысына қарасты Қарасай ауданында болған.

Кейіннен үшінші қазан күнді адвокат Айман Омарова Фейзбуктегі парақшасында шұғыл тікелей эфир өткізді. Омарованың сөзінше көпбалалы ананы күйеуінің мас ағасы зорламақ болған. Ол қарсылық танытқан кезде әйелді аяусыз соғып, өлімші күйге жеткізген. Төбелеске мас шабуылдаушының баласы да араласқын. Ол өзінің жеңгесін ұра жөнелген.

Әйел болған жағдайдан кейін бірден ауруханаға жеткізілген. Оған ота жасалды. Дегенмен әлі жағдайы бірқалыпты ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр.

Сол уақыттан бері соққыға жығылған әйелдің алты баласы өзіне зәбір көрсеткен азаматтың қолында қалған. Балалардың кішісі 1,5 жаста, ең үлкені 14 жаста. Құқық қорғаушылар қазіргі күні күдіктімен қалған балалардың өміріне алаңдаулы. Ал, әйелді соққыға жыққан ер адам бірден қамауға алынбаған.

Әйелдің туыстары бүгінде ауруханадағы қыздарына кіре алмаған. Не күдіктінің ісі бойынша полиция мен тергеушілерден ақпарат ала алмай отыр.

Арада біраз уақыт өткенде барып, Қарасай ауданының полиция департаментіндегілер күдіктіні ұстап, уақытша тергеу абақтысына қамаған видеоны таратты.