Дикий Арманның қылмыстық тобы жасаған істі ҚР ҰҚК басшылары ұйымдастырған
Журналист Михаил Козачков Дикий Арман есімімен танымал Арман Жұмагелдиевке қатысты қылмыстық істен ақпарат таратты, деп хабарлайды KYN.KZ. Козачковтың мәліметіне сүйенсек Дикий арман бірнеше жылдан бері осы қылмысқа дайындалған, сонымен қоса оны ҰҚК басшылары жалдап, қадағалауда ұстаған.
Қанды қаңтар оқиғасына дайындық 2021 жылдан басталған екен. Қылмыстық істі зерттеу жұмыстарының басталғанына қазір 9 ай болған. Іс бойынша қазір анықталғаны Арманның тобын ҰҚК беделді әрі жауапты басшысы Руслан Ысқақов басқарған.
Іс қағазында "Арманның жоспарын жүзеге асыру үшін ҰҚК қызметкерінің қолдауы қажет болды" делінген. Тағы бір тұста, "Арманға бұл жоспарды жүзеге асыруды, бірге жұмыс істеуді Ысқақовтың өзі ұсынды" делінген. Іс материалында Ысқақов Арманның жоспары жүзеге асу үшін құқықтық орган тарапынан "пана" болған дейді.
Қаңтардағы қайғылы оқиға бір жыл бұрын жазда жоспарланып, 2022 жылдың қаңтарында жүзеге асырылған. Қылмыстық істі тергеу барысында белгісіз есімдер де бар екен. олардың қазір түр тұлғасы анықталып, тергеу жалғасын табады. Бұл ақпараттың барлығы журналист Михаил Козачковтың елге жолдаған материалынан алынды.