Алматы облысында мектепті тексерген комисся мүшелері директордың VIP әжетханасына таң қалды (видео)
Алматы облысына қарасты Байсеркедегі 28 гимназияны тексерген комисся мүшелері ондағы жағдайды видеоға түсіріп, таратып жіберген. Ол жерде Мектеп директоры өзіне бір әжетхананы арнатып, ішін керек затына толтырып қойған. Ал оқушылар пайдаланатын әжетханада қарапайым қағаз тапшы екен, деп жазды КYN.KZ.
Комиссияның келуіне оқушылардың шағымы себеп болған. Онда балалар мен олардың аналары берілетін астың еш татымсыз, етсіз екенін айтқан. Мектепте лед экран үшін мұғалімдер ақша жинаған екен. Бұған қатысты ұстаздар еш қарсылықсыз өз еріктерімен ақша жинағандарын айтып отыр.