Басты жаңалықтар

Павлодарда сабақ кезінде пышақтасқан 8-сыныптың екі оқушысы ауруханаға жатқызылды

Оқиға кезінде шақыртылған жедел жәрдем дәрігерлері екі оқушыны бірден ауруханаға жеткізуге мәжбүр болды, деп жазды KYN.KZ.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Әуезов атындағы №42 мектептегі оқыс жағдай туралы хабарлама "103" қызметіне кеше сағат 16:45-те түскен. 13 және 14 жастағы ер балалар облыстық балалар ауруханасына жеткізіліпті.

Олардың бірінің оң қолының саусақтары кесілген. Екінші оқушының мойнында, желке тұсында және білегінде пышақпен салынған жарақаты болды. Қазір жағдайлары жақсы. Оларға амбулаториялық ем тағайындалды,

— деді басқарма мамандары.

Төбелесті көрген оқушылар оқиғаның қалай болғанын айтқанымен, полиция іс қаралып жатқанына байланысты ашып мәлімет бермеді.