Анасы көшеде соққыға жыққан спортшы қыздың прокурор әкесі жағдайға түсінік берді
- автор kyn.kz
- 16 қазан, 2022
- 1.1k
Желіде жұрттың зәресін алып, қатыгездік танытқан әйел Бас прокуратураның қызметкері Қадыржан Маматаевтың әйелі болып шықты. Соққыға жығылған қыз Аяла Маматаева екен. Оны жаттығу залынан киімін киер- киместен сүйреп, жұлқылап шыққан анасы Алмагүл Маматаева, деп жазды KYN.KZ Время басылымына сілтеме жасап.
Қадыржан Маматаев журналистке берген телефон арқылы сұхбатында істі полиция мен әкімдік өкілдері жіті тексергенін айтты. Әрі шешімді де өздері шығарсын деген.
"Мен бұл жайт бойынша пікір бергім келмейді. Аяла өз саласы бойынша Қазақстанның чемпионы. Дубайда көркем гимнастика бойынша өз жасында чемпион атанды. Сол күні жаттықтырушы анасына хабарласып Аяланы алып кетуін өтінген. Ол алдағы жарыс алдында демалуы керек еді. Қыз жаттығу залында қалғысы келген, бірақ анасы сабаққа алып бару үшін алып шыққан. Видеодан көрдіңіздер, қызды ешкім ұрған жоқ. Ол шынтағын көлік есігіне соғып алды. Аяла отбасымызда жалғыз қыз. Оған ештеңеден шектеу жоқ. Еркін, қалағанын алатын қыз",- дейді Қадыржан Маматаев.
Бірақ ол журналисттің "Өзіңіз тәртіп пен заңның, адам құқығының қорғалуын қадағалайсыз. Үйіңізде бала құқығы бұзылып жатыр. Әйеліңіздің әрекеті дұрыс деп санайсыз ба?" деген сұрағын сол бойы жауапсыз қалдырды.