Басты жаңалықтар

Шымкенттік Бас дәрігер Донбай: Басқарма басшысы Асылбеков орнымды босатуымды талап етіп, жұмыс істеуге мұрша бермей жатыр

Шымкентте қалалық №1 клиникалық ауруханасының бас дәрігері Донбай Абылай президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрайды. Айтуынша дәрігерге соңғы 2-3 айда түрлі қысымдар жасалуда.

Тіпті науқастарға ота жасауға қорқады. Өйткені ота сәтті шыққанымен дәрігерді орнынан кетіргісі келген адамдар, бейкүна науқасты өмірімен қош айтыстыруға дайын екен. Бұл туралы KYN.KZ сайтына дәрігердің өзі хабарласып, басындағы жағдайды баяндады.

"Есімім Донбай Абылай Әбдіжаппарұлы. Шымкент қаласындағы Медициналық академяны тәмамдағанмын. Мәскеуде оқыдым. Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында трансплантология бойынша жұмыс істеп, тәжірибеден өттім. Бүгінге дейін 180 науқастың бүйрегіне, 300 адамның бауырына трансплантация жасадым.

Астана қаласында еңбек етіп қаладағы бас транслантолог қызметімді абыроймен атқарғанмын. Соңғы екі айда Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасынан, нақтырақ айтсам Асылбеков Нұрлыбек Абибуллаұлынан еш негізссіз түрлі қысымдар болып жатыр. Алғашында еш негізсіз тексерулерді бастады.

Түк таппағаннан кейін "Орнымды босатуым керек екенін ескертті", "Орныңды босат", "Түбі құртамын" деген сөздерді айтты. Яғни қазір мен басшылық етіп отырған ауруханаға бас дәрігер сыртымнан тағайындап қойған көрінеді. Сол үшін мені жұмыстан кетірудің түрлі айла-тәсілдері жасалынып жатыр. Осындай қорқыту, еш себепсіз тексерістердің кесірінен екі айдан асты жұмысымды дұрыс атқара алмай жүрмін.

Отбасым мен үшін сары уайымға салынып, берекем қашты. Құрметті президент мырза, сізден маған араша түсіп, шындық пен адалдық орнауына көмек қолын созуыңызды сұраймын.",-дейді Шымкен қаласының №1 клиникалық ауруханасының бас дәрігері Донбай Абылай.

Дәрігердің өзі ҚР президенті Қасым-Жомарт Кемелұлынан көмек сұрап видео үндеу жазды: