Четверг, 23 марта, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Кореяда қайтыс болған Мәдина Шерниязова жайлы жаңа деректер жарияланды

01.11.2022
0
Кореяда қайтыс болған Мәдина Шерниязова жайлы жаңа деректер жарияланды

Кореяда қаза тапқан ақтөбелік бойжеткен сәуір айында магистратураны бітіруге тиіс болған, деп хабарлады KYN.KZ сайты «Астана» телеарнасына сілтеме жасай отырып.

Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, 1996 жылы туған отандасымыз Корея Республикасының жоғары оқу орындарының бірінде магистратура оқып жатқан.Қыздың анасының айтуынша, ол корей тіліне жастайынан әуес болған, сегізінші сыныптан бастап ерекше ден қойған көрінеді.

Мектеп бітірген соң Татарстанның Қазан қаласынан «Шығыстанушы» мамандығымен жоғары білім алған. Онан соң Сеулде білімін жетілдіруге бел буыпты. Соңғы рет анасына сол қаралы мерекені тойлауға шығып бара жатып хабарласқан. Ал ертеңіне жақындары суық хабар естіген. Әкесі Кореяға кеткен, анасы ес жия алмай отыр. Сұхбат беруден бас тартты. Мектеп ұстаздары да есеңгіреп қалғандарын айтады.

«Мәдина Шерниязова біздің 2013 жылғы түлегіміз. Өте жақсы қыз еді. Мектепте үлгілі оқушы болды. 4 пен 5-ке бітірді. Тек жақсы жағынан білеміз. Мәдинаның ата-анасына қайғырып көңіл айтамыз», — дейді Ақтөбе қаласы №27 мектеп-лицейі директорының орынбасары Алтынгүл Аткиева.

Қазақстанның Кореядағы елшілігінің консулдық бөлімі тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Құзыретті органдармен тұрақты байланыста болатын жедел штаб құрылды.

Елшілік қызметкерлері қаза тапқан отандасымыздың құжаттарын ресімдеуге қажетті көмекті көрсетіп жатыр.Айта кетейік, Кореяда Хэллоуин кешінде 151 адам қаза тауып, 82 адам жарақат алды. 350-ден астамы із-түзсіз жоғалған. Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёл қайғылы оқиғаға байланысты ұлттық аза тұту күнін жариялады.

Бөлісу62Твит39
  • 6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6021 бөлісу
    Бөлісу 2408 Твит 1505
  • Алматы облысында үшем дүниеге келді

    3202 бөлісу
    Бөлісу 1281 Твит 801
  • Бибігүл Төлегенова өзінен бір мүшел жас үлкен күйеуінен көрген қиындықтарды айтып берді

    2366 бөлісу
    Бөлісу 946 Твит 592
  • Мадина Садуақасова енесімен қарым-қатынасындағы қиыншылық туралы айтты

    1868 бөлісу
    Бөлісу 747 Твит 467
  • Астанада неке рәсіміне келген ер адам намаз оқып отырған имамды 13 жерден пышақтады

    2028 бөлісу
    Бөлісу 811 Твит 507
  • 4 балалы Малика: Енем күйеуіме менімен ажырас әйтпесе «Ақ сүтіме разы болмаймын» деп шарт қойды

    1405 бөлісу
    Бөлісу 562 Твит 351
  • Тәуелсіз үміткерлер: Тоқаев мырза, сайлауда ескі Қазақстанда болмаған сұмдықтар орын алды (видео)

    1372 бөлісу
    Бөлісу 549 Твит 343
  • Алматы облысында үш оқушы ер адамды өлімші етіп сабап, мүгедек қылып қойды

    1545 бөлісу
    Бөлісу 618 Твит 386
  • Али Оқапов әке болғалы өміріндегі өзгерістер туралы айтты

    1054 бөлісу
    Бөлісу 422 Твит 264
  • Ақтөбе облысына қарасты Қобда ауылында қызыл су басқан үйлер құлап жатыр

    1189 бөлісу
    Бөлісу 476 Твит 297
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.