Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қызылжар ауданында ер адам туған анасын пышақтап өлтірді

Қызылжар ауданында ер адам туған анасын пышақтап өлтірді
ашық дереккөз

Солтүстік Қазақстан облысында 56 жастағы ер адам анасын пышақтап өлтірді, деп хабарлайды KYN.KZ сайты.

Оқиға Қызылжар ауданының Архангельское ауылында болған."Аудандық полиция бөліміне 1941 жылы туған әйелдің пышақ жарақатын алғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына жедел тергеу тобы жіберілді. Жәбірленуші жедел жәрдем көлігімен орталық аудандық ауруханаға жеткізіліп, алған жарақатынан көз жұмды", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.Осы қылмысты жасады деген күдікпен марқұмның ұлы – 1966 жылы туған Қызылжар ауданының тұрғыны ұсталды.

Қайғылы оқиғаға не себеп болғаны әзірге белгісіз.Аталған дерек Қазақстан Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі (кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, оның қорытындысы бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар