Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Бұл жолы «Helios»: Оғыз Доған тағы да қазақ тілі үшін дау шығарды

Бұл жолы «Helios»: Оғыз Доған тағы да қазақ тілі үшін дау шығарды
ашық дереккөз
Ол бұл жолы жанармай бекетінде өзіне қазақ тілінде қызмет көрсетуін сұрады
Қазақ тілінде қызмет көрсетуді талап етіп, шулы оқиғалардың "қаһарманына" айналған Оғыз Доған бұл жолы да өз ісінен танбады. Қоғам белсіндісі Астана-Алматы тасжолында орналасқан Гелиос компаниясының жанармай құю бекетіне кіріп барып, Наталья есімді кассирге шүйлікті деп хабарлайды  KYN.KZ . Ол бірер апта бұрын ғана осы бекетке келіп қызметкердің қазақ тілінде жауап беруін талап еткен. Бірақ кассадағы Наталья есімді қыз оған дөрекі жауап беріп, орысша қызмет көрсетіпті. Келеңсіз жайттың видеосы желіде жариялағаннан кейін компания басшылығы түрік азаматына қоңырау соғып, болған оқиға үшін кешірім сұраған. Ал, 26 маусым күні өзгеріс болған-болмағанын арнайы тексеруге барған Оғыз мырзаның тағы да ұнжырғасы түсіп қайтқан. Өйткені кассада отырған қыз қазақша сұраққа орыс тілінде жауап қатқан. Немқұрайдылықтан өкпесі қара қазандай болған белсенді тағы бір ескерту жасап, шыдамы таусылғанын жеткізеді. Естеріңізге сала кетейік, Оғыз Доған бұған дейін "Air Astana" әуе компаниясы мен "Казкоммерцбанк" АҚ-ның қызметкерлерінен қазақша қызмет алуды талап етіп және сол талабын орындата білген.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар