Пятница, 27 января, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

«Протездің іріңі қанға тарап, есінен танып құлады»: Жүрсін Ерманның қызы әкесінің денсаулығы жайлы айтты

02.11.2022
0
«Протездің іріңі қанға тарап, есінен танып құлады»: Жүрсін Ерманның қызы әкесінің денсаулығы жайлы айтты

Ақын Жүрсін Ерманның денсаулық жағдайы бойынша қызы Ардақ Жүрсінқызы KYN.KZ сайтына арнайы сұхбат берді.

Айтуынша ақын жансақтау бөліміне түспей тұрып, бір аптаға жақын өзін нашар сезініп жүрген. Себебі, төрт-бес ай бұрын ақынның оң аяғындағы тізесіндегі көк тамырға протез салынған.

Бірақ сол протезді ағза қабылдамай, айналасы іріңдей бастапты. Артынша сол ірің қанға түсіп, ақынның дене қызуы шектен тыс көтеріліп, судорг жағдайына жеткен. Бір күннің ішінде есінен танып, аурухананың жансақтау бөлімінде тыныс алу аппаратына таңылған.

«Сыртынан көрінбегенімен іштей іріңдеу процессі жүрген. Әкем ауырсынып жүргенімен, жағдай бұлай ушығады деп ойламаса керек басында онша мән бермеді. Қойып кетер деп жүрді. Екі жеті бұрын есінен танып құлады. дене қызуы қырық градус болды.

Ертеңгісін жақсы жүрген, сол күні кешкісін есінен танып құлады. Аяғымен жүре алмай қалды. Содан жансақтау бөлімінде бірнеше күн есін жия алмастан жатты. бір жетіден кейін жазда жасалған отаны ашып, дәрігерлер протезді алып тастады.

Қандағы кисларод түсіп, жасанды тыныстандыру аппаратында жатты бірнеше күн. Осы аптаның басынан бастап беті бері қарады. Аппарат алынып, қазір өзі тыныс алып жатыр. Енді жеке палатағы шығарылуын күтіп отырмыз»,-дейді ақынның қызы Ардақ Жүрсінқызы.

Ардақ Жүрсінқызы әкесі аурухананың жеке палатасына шықса анасы қасына баратынын айтып отыр.

«Кеше дәрігерлер жансақтау бөліміне кіруге рұқсат берді. Сол жерде дәрумендерге толы сұйық тамақты дәрігерлер өздері шлангтар арқылы ішкізеді екен. Содан өзіміз шприцпен тамақтандырдық. Көңіл — күйі түсіңкі болды басында, әрине. Көңілін аулап, айтыскерлерге сол жерден хабарласып, сөйлестірдік. Әрине әрең сөйлейді. Әлсіреп қалған.

Бірақ, айтыскерлердің дауысын естіп қуанып кетті. Күші келгенше сөйлеп, біраз жүзі жылынып, жымия бастады. Барлығы денсаулық тілеп, жағдайына алаңдағандарын айтып жатты. Әкем оларға «Талай жоспар бар еді, денсаулық осылай болып қалды» деп аздаған өкінішін білдірді. Бірақ, қазір әкеміздің есін жиып, жеке палатаға шығып қалады деп қуанып жатырмыз. Әрі қарай қайда, қалай емдететінімізді ойлауымыз керек. Ең бастысы ауырып құлағаннан кейін беті бері қарады»,- дейді Жүрсін Ерманның қызы.

Қазір Жүрсін Ерманның Швейцариядағы құдасы Тедресс өз елінен қан тамырлары бойынша білікті мамандарға хабарласып, ақынның бұдан кейінгі еміне көмек қолын созғалы жатыр екен.

  • "Протездің іріңі қанға тарап, есінен танып құлады": Жүрсін Ерманның қызы әкесінің денсаулығы жайлы айтты

фото: Жүрсін ерманның жеке мұрағатынан.

Швейцариялық дәрігерлер ақынның медициналық картасын, денсаулығы бойынша ауру тарихы,сынамалар бойынша соңғы мәліметтерді алып не істеуге болатынын нақтылап жатыр екен. Бірақ ол елге бару үшін он екі сағаттық жол қазірге Жүрсін Ерманға ауырлау. Сол себепті әлденіп алғанша Қазақстанда біраз ем алады екен.

Бөлісу1439Твит900
  • «Анайы қызмыт үшін рахмет»: Адвокат Пірәлиев  сарбаз ісіне қатысты тағы тың дерек айтты

    «Анайы қызмыт үшін рахмет»: Адвокат Пірәлиев сарбаз ісіне қатысты тағы тың дерек айтты

    3855 бөлісу
    Бөлісу 1542 Твит 964
  • «Қыркүйекте тойымыз болуы керек еді»: Раймның 7 жыл жүрген қызы Ерке Есмахан мен экс-жігіті жайлы айтты

    4835 бөлісу
    Бөлісу 1934 Твит 1209
  • Анасы: Өзінен он жас үлкен әйел ұлымды ғашық етіп, енді қаматқалы отыр. Балам қамалса әйелді өртеймін

    2121 бөлісу
    Бөлісу 848 Твит 530
  • Министр Ажар Ғиният полицияға бұрынғы вице-министрдің үстінен арыз жазды

    1686 бөлісу
    Бөлісу 674 Твит 422
  • «Аузынан, іш киімінен бірнеше адамның шәуеті шықты»: Әскерде асылып өлді деген сарбаздың адвокаты жан түршігерлік деректер айтты

    1590 бөлісу
    Бөлісу 636 Твит 398
  • 4 баланың анасы: Өзімнен он жас кіші ғашық жігіт айтқанына көнбегенім үшін ұрып, зорлап, үйімді өртеп кетті

    1476 бөлісу
    Бөлісу 590 Твит 369
  • «Інімді өлтірген адамды да кешірді»: Нұрлан Өнербаев марқұм әкесін еске алып, көз жасына ерік берді

    2119 бөлісу
    Бөлісу 848 Твит 530
  • 52 жастағы Түсіпбаева өзіне 29 жастағы жігіттің жазған хатын көрсетті

    1438 бөлісу
    Бөлісу 575 Твит 360
  • Raim Ерке екеуінің үйленгенін әжуалап, сын айтқандарды ұялтып тастады

    1283 бөлісу
    Бөлісу 513 Твит 321
  • Студент: Ақшасын төлеген адамның мұңын тыңдап, уақытша «досы» болып жұмыс істеймін

    1111 бөлісу
    Бөлісу 444 Твит 278
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.