Пятница, 27 января, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Кәмелетке толмаған баланы зорлаған автобус жүргізушісіне сот үкім шығарды

03.11.2022
0
Кәмелетке толмаған баланы зорлаған автобус жүргізушісіне сот үкім шығарды

Астанада кәмелетке толмаған баланы зорлады деген автобус жүргізушісі 17 жылға бас бостандығынан айырылды, — деп хабарлайды қалалық соттың баспасөз қызметі.

3 қарашада Астанадағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты үкім шығарды.

«А., №1 автопарктің жүргізушісі бола тұра, дәрменсіз жағдайын пайдаланып, автобус салонында кәмелетке толмаған жәбірленуші К-ны зорлаған.

А-ның кінәсі сотқа дейінгі іс жүргізу барысында кәмелетке толмаған жәбірленуші К.-ның тұрақты айғақтарымен, соттағы айғақтармен дәлелденген; жәбірленушінің өтірік айтуға және қиялдауға бейім еместігін көрсететін сарапшы психиатр-психологтардың қорытындысы; К.-ның заңды өкілінің айғақтары; сараптамалар қорытындысы, куәмен ұялы телефон арқылы хат алмасу, куәлардың айғақтары», — делінген хабарламада.

Сотталушының қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар анықталмаған.

Қылмыстық кодекстің 120-бабы 3-1 бөлігі 1-тармағы санкциясында белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 15 жылдан 17 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Ер адамға осы бап бойынша жазаның ең жоғарғы шарасы – кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты педагогикалық және өзге де қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі жоғары мекемелерінде өтейді.

Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу22Твит14
  • «Анайы қызмыт үшін рахмет»: Адвокат Пірәлиев  сарбаз ісіне қатысты тағы тың дерек айтты

    «Анайы қызмыт үшін рахмет»: Адвокат Пірәлиев сарбаз ісіне қатысты тағы тың дерек айтты

    3854 бөлісу
    Бөлісу 1542 Твит 964
  • «Қыркүйекте тойымыз болуы керек еді»: Раймның 7 жыл жүрген қызы Ерке Есмахан мен экс-жігіті жайлы айтты

    4835 бөлісу
    Бөлісу 1934 Твит 1209
  • Анасы: Өзінен он жас үлкен әйел ұлымды ғашық етіп, енді қаматқалы отыр. Балам қамалса әйелді өртеймін

    2121 бөлісу
    Бөлісу 848 Твит 530
  • Министр Ажар Ғиният полицияға бұрынғы вице-министрдің үстінен арыз жазды

    1685 бөлісу
    Бөлісу 674 Твит 421
  • «Аузынан, іш киімінен бірнеше адамның шәуеті шықты»: Әскерде асылып өлді деген сарбаздың адвокаты жан түршігерлік деректер айтты

    1590 бөлісу
    Бөлісу 636 Твит 398
  • 4 баланың анасы: Өзімнен он жас кіші ғашық жігіт айтқанына көнбегенім үшін ұрып, зорлап, үйімді өртеп кетті

    1476 бөлісу
    Бөлісу 590 Твит 369
  • «Інімді өлтірген адамды да кешірді»: Нұрлан Өнербаев марқұм әкесін еске алып, көз жасына ерік берді

    2119 бөлісу
    Бөлісу 848 Твит 530
  • 52 жастағы Түсіпбаева өзіне 29 жастағы жігіттің жазған хатын көрсетті

    1438 бөлісу
    Бөлісу 575 Твит 360
  • Raim Ерке екеуінің үйленгенін әжуалап, сын айтқандарды ұялтып тастады

    1283 бөлісу
    Бөлісу 513 Твит 321
  • Студент: Ақшасын төлеген адамның мұңын тыңдап, уақытша «досы» болып жұмыс істеймін

    1111 бөлісу
    Бөлісу 444 Твит 278
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.