Басты жаңалықтар

Оқушылармен кездесуге оққағар ертіп барған Ернар Айдар елдің мазағына қалды (видео)

Бір көліктен екінші көлікке міну үшін оққағардың бауырына тығылған әнші елдің күлкісіне қалды.

Бұған дейін ұтыс ойнатып, ойынның опығын жеген әнші бұл жолы мектеп жасындағы балалармен кездесуге күзетті қолтықтап келді деп желіде жұрт жарыса пікір білдіруде. Тіпті комментария жазғандар әншінің оққағармен келген сәтін әжуалап біраз әңгіме жазған.

Көпшілік Ернардың бұл жүрісін дұрыс қабылдамаған. Тіпті, бұл әрекетін ұят дегендер де бар.

Әншінің әрекеті халықты күлкіге қарық қылып, шоу-бизнестің оққағарлы өкіліне түрлі пікірлер жазған:

«Майкл екен десем, Ернар ма?», «Сөзім жоқ айтарға мынау ақымаққа», «Шегертке дейтын едыгой», "Оқушылар өзін ұрып тастайды, тонап кетеді деп қорыққаны ма?" "Ернар Айдар деген әншіні осы оққағар ерткеннен кейін таныдым", "Бұл кісі сонда Димаш сияқты танымал әнші ма?