Киркоров Қазақстанда өткен концертінде кімді және неге сабағанын айтты (видео)
Алматыда 7 қараша күні Ресейдің танымал әншісі Филипп Киркоровтың концерті аншлагпен өтті. Өкінішке қарай, әлеуметтік желіде әншінің жағымсыз әрекеттері түсіп қалған бейне тарап кетті, деп жазды KYN.KZ.
Бейнеден көріп отырғанымыздай, әнші ән орындап тұрған жерінен тыңдармандардың алдына белгісіз себеппен келіп, оны гүл шоғымен ұрып, гүлді лақтырып жіберген. Елдің ашу-ызасына ілігіп, тиісінше әлеуметтік желіде оған қарсы түрлі пікірлер де айтылды. Тіпті, кей қазақстандықтар әнші аудиторияны сыйламай тұр , басыну деп шүйлікті.
«Өзіміз кінәлі осыған, әсіресе осы жағдайға қатысты Қазақстан шенеуніктері шара қолдану керек, заң жағын қарастырып, дымға да керегі жоқ осындай қонақтардың!», «Төрімізге шығарып, әбден тайраңдаттық қой бұларды».
Киркоровтың жеке концертінде не себепті ыңғайсыз жағдайға қалғанын радиожүргізуші Малик Рузиев түсіндірді.
«Киркоровтың гүл шоғымен ұрып жібергеніне қатысты сұрақтар көп түсуде. Негізінде, ол көрерменді емес, өзінің ресейлік командасындағы менеджерлердің бірін гүл шоғымен салып жіберді. Өйткені, күзетшілер де, менеджерлер де әншіге ешкімді жақындатпауға тырысқан болатын. Ал халыққа жақын болғысы келген Киркоров «Қойыңдаршы, жіберіңдер» деумен болды. Қанша айтса да, тыңдамаған соң, осындай қадамға барды», - деп Киркоровты ақтауға тырысты.