Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Мұхтар Тайжан мен Жигули Дайрабаев арасындағы дау ушықты

Мұхтар Тайжан мен Жигули Дайрабаев арасындағы дау ушықты
ашық дереккөз

Белгілі саясаткер Мұхтар Тайжан президенттікке үміткер Жигули Дайрабаевтың бейнеүндеуіне жауап берді деп жазды KYN.KZ сайты.

«Президент лауазымына түсіп жатқан үміткер Жигули Дайрабаев мырза маған қатты ренжіп, үндеу жариялапты. Намыс, ұят туралы сөз қозғап маған «шық» деп шақырып жатыр екен. Шықсақ шығайық, Жигули мырза. Кез келген телеарна болсын, ютубарна болсын, мен сізбен тікелей эфирде ашық пікірталасқа дайынмын. Кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс - төреші халықтың өзі болсын», - дейді Мұхтар Тайжан өзінің Instgram желісіндегі парақшасында.

Еске сала кетейік, бірнеше күн бұрын ашуға булыққан Жигули Дайрабаев: «Әй, Мұхтар! Айналайын-ай! Менде нең бар? Сен менімен сөйлесіп, пікір таластырып жүрген азаматсың ғой. Сенде ұят қайда өзі? Адамгершілік бар ма? Сен мені «аға» деп жүрген адамсың ғой. Енді ішің жарылып, менің мына президенттікке кандидат болғаныма жаның шығып бара жатыр ма? Пысық болсаң, ақылды болсаң, данышпан болсаң, өзің неге түспедің? Сенің істеп жүрген тірлігіңнің бәрін білеміз ғой. Жүрген жеріңнен шөп шыға ма, шықпай ма? «Мұхтар Тайжан бір жерді барып оңдырып келді» дегенді естіген жоқпын. Сен Нұрсұлтан Назарбаевтың аппаратында да жұмыс істедің ғой, Ақ үйде. Одан кейін Тоқаевтың кезінде де жұмыс істедің, Ұлттық кеңеске өзің сұранып кірдің бас пайдаң үшін.  Одан түк шықпаған соң, безіп жоғалдың. Былтыр жер мәселесі бойынша республикалық комиссияға өзің кірдің сұранып. Ол комиссияда ұтылдың сен менен. «Жығылған күреске тоймайды» деп, нең бар намысың болса? Сен қайта қуанбайсың ба? Қарапайым ауылдан шыққан азамат президенттікке таласып жатқан. Қандай түсініксіз сұрағың бар? Кел, маған жолық», - деп ренішін білдірген еді.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар