Ерке Есмахан көңіл қосқан жаңа сүйіктісі жайлы айтып берді
Жеке өмірі жұрттың талқысына жиі түсетін Ерке Есмахан бұл жолы қазіргі сүйіктісі туралы ашып айтты деп хабарлады KYN.KZ cайты.
Әлеуметтік желіде оқырмандарынан «Жігітіңіз туралы айтып беріңізші. Кто этот счастливчик?» деген сұрау алған жұлдыз былай жауап берді: «Ол бақытты жанның өзі бір әлем. Кейде сөзімді өткізу үшін «Мен Ерке Есмаханмын ғой» десем, «И че?» деп бетіме қарап отырады. Сондықтан «сен күштісің, сенің айтқаның дұрыс» деп үндемеймін. Айта кетейін, жігітім қарапайым қазақтың баласы».
Пендеміз ғой, кейде қолда бардың қадірін білмей жатамыз. «Осылай болса, бақытты болар ем, осыны алсам, бақытты болар ем» деп қателесеміз. Өмірдің өзі жұмбақ, ал бақыттың кілтін табу, тіпті үлкен еңбек. Мен үшін бақыт – денсаулық», – деп бақыт жайлы пікірін айтты.