Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жигули Дайрабаевтың істі болған ұлына қатысты жаңа деректер шықты

Жигули Дайрабаевтың істі болған ұлына қатысты жаңа деректер шықты
ашық дереккөз

Президенттікке үміткер Жигули Дайрабаевтың ұлы Марат Дайрабаевтың ескі былықтары ашылды деп жазды KYN.KZ сайты.

Мәліметтерге сүйенсек, Марат Дайрабаев Шу тұрғыны Сәбит Саудабаевқа 22,5 млн теңге қарыз болып, әлі күнге бермей жүр. 2018 жылдың жазында 500 тонна бидай сатып алмақ болған Саудабаевқа кәсіпкер бидайды 22,5 млн теңгеге саудалайды. Бұл туралы Марат Жигулиұлының өз қолымен жазған қолхаты да бар. Алдын ала 100 пайыз төлем жасаған Саудабаев келісілген бидайдың бір бөлігін ғана алған.

«Әуелі оған сендім, сотқа барғым келмеді. Бірнеше рет қоңырау шалдым, қоңырауларыма жауап бермей, соңында ұстатпай кетті. Берген уәдесінде тұрмағандықтан, сотқа жүгінуге тура келді», - деді аталған жағдайдың бірнеше жылға жалғасып келе жатқанын айтқан Сәбит Саудабаев.

Қолхаттың үш жылдық мерзімі аяқталып, 2020 жылдың соңында борышкердің тіркелген жері бойынша Меркі аудандық соты істі қарады. 2018 жылғы желтоқсан және 2019 жылғы ақпанда Марат Дайрабаев ЖШС атынан 7,7 млн және 1,14 млн теңге ғана төлегені анықталды. Қалған қарызын өтеу үшін Марат Дайрабаев, тіпті әкесінің Mitsubisu L200 маркалы көлігін де бермекші болған.

Сот «MOLBAL» ЖШС директоры Марат Жигулиұлынан Сәбит Саудабаевтың пайдасына 13 660 000 теңге қарызды, 2 014 125 теңге тұрақсыздық айыбы үшін, сондай-ақ мемлекеттік бажды төлеу бойынша сот шығыстарын – 156 742 теңге, ал заңгерге 300 000 теңге өндіру қажет деп шешті.

Содан бері әлі күнге қарызын ала алмай келе жатқан Саудабаев бұл істі соңына дейін жеткізе алмайтындығын айтты. Себебі Жамбыл облысы бойынша Әділет департаменті басшысының орынбасары лауазымында борышкердің ағасы Дәурен Жигулиұлы Дайрабаев жұмыс істейтін болып шықты.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар