Четверг, 1 июня, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Анардың адам ағзасына пайдасы

11.11.2022
0
Анардың адам ағзасына пайдасы

Анар – ең пайдалы жемістер қатарына жататын көпжылдық жеміс ағашы. Негізгі өсетін жерлері – Жерорта теңізі, Орталық Азия, Кавказ, Қырым.

Жеміс ағашының бойы 5-6 метрге дейін барады. 80 жылға дейін, кейде одан да көп өмір сүреді, 3-4 жастан кейін жеміс береді. Жемісін жерге түсірмей тұрып алады. Сəуір айында гүлдеп, күзде жемісін береді. Анар жемісінің ерекше қасиеттері мен пайдалы жақтарын назарларыңызға ұсынамыз.

1. Гемоглобинді жоғарылатады. Анар жемісі қаназдық ауруымен күресуге көмектеседі. Осы дерт кезінде анар шырынын 2 ай көлемінде күніне 30 минуттан 3 стақан ішу абзал.

2. Қанқысымын төмендетеді. Анар дәндері қанқысымы дертіне шалдыққан науқастардың артериальді қысымдарын түсіруге көмектеседі. Кептірілген жеміс жарғағын шайға қосып ішсе, жүйке жүйесін қалпына келтіріп, түнгі ұйқыны жақсартады.

3. Гормон белсенділігін арттырады. Анар жемісі дәнінің құрамында май бар. Ол ағзадағы гормондық балансты қалпына келтіреді. Сол себепті жеміс дәндерін жеген пайдалы.

4. Ауыз-қуысын дәрілейді. Жеміс қабығынан жасалған су тұнбасын немесе шырынын ангина және фарингит ауруларын емдеу кезінде тамақты шаюға пайдаланады.

5. Инсулинді алмастырады. Анар жемісі қант диабеті ауруына шалдыққан адамдарға өте пайдалы. Тамақ ішпес бұрын 60 тамшы жеміс шырынын күніне 4 рет қолданса, қан құрамындағы қант деңгейі төмендейді.

6. Радиацияны шығарады. Анар шырыны радиоактивті изотопты заттармен жұмыс жасайтын немесе радиациясы жоғары аймақта тұратын адамдарға ішкен жөн.

7. Ағзадағы құрттардың көзін жояды. Піскен анар қабығы құрамында құрттарға қарсы пельтьерин, изопельтьерин және метилизопельтьерин сынды алкалоидтар бар. Ағзадағы құрттардың көзін жою үшін 40-50 г анар қабығын 400 г суық суға салып қайнату арқылы ағзаға іштей қабылдау керек.

8. Іш өтуді тоқтатады. Анар жемісі мен қабығын іш өтуге, тоқ ішектің қабынуына қарсы қолданады.

9. Ағзадағы қабынуды емдейді. Жеміс қабығы адам ағзасындағы бүйрек, бауыр, көз, құлақ, буын қабынуларына қарсы емдік мақсатта пайдаланылады. Ол үшін 2 асқасық анар қабығын 1 стақан ыстық суға салып, 30 минут қайнатып, дайын болған тұнбаны күніне 50 граммнан 2-3 реттен ішкен дұрыс.

Бөлісу7Твит4
  • Айжан Байзақовадан сұхбат алған Динара Сәтжанның басы тағы да дауға қалды

    Айжан Байзақовадан сұхбат алған Динара Сәтжанның басы тағы да дауға қалды

    1596 бөлісу
    Бөлісу 638 Твит 399
  • Қарттар үйі туралы бар шындықты жайып салған кейуана өз-өзіне қол жұмсайтынын айтты

    1943 бөлісу
    Бөлісу 777 Твит 486
  • Жұлдызай Дүйсенбиева күйеуімен ажырасқанын айтты

    1030 бөлісу
    Бөлісу 412 Твит 258
  • Қазақстанда демалыс орындары «өзіңізбен тамақ алып кірмейсіз» десе тұтынушы құқығын таптағаны

    1222 бөлісу
    Бөлісу 489 Твит 306
  • Қызылордалық 5 баланың анасы: Жамбыл облыстық полиция мен прокуратура қызметкерлері күйеуіме жала жауып, қамағалы отыр (видео)

    903 бөлісу
    Бөлісу 361 Твит 226
  • Димаш Құдайберген жаңа әнінің шығу тарихымен бөлісті

    891 бөлісу
    Бөлісу 356 Твит 223
  • Алматы облысында екі әйелі бар әке туған екі қызын он жыл бойы зорлап келген

    774 бөлісу
    Бөлісу 310 Твит 194
  • Мәжілісмен Мақсат Толықбай Болат Атабаев туралы деректі фильмге қаражат тауып беретін болды

    638 бөлісу
    Бөлісу 255 Твит 160
  • «Қыздар үйге іздеп келетін»: Алмат Сақатов әйелінің шыдамдылығына ризашылығын білдірді

    618 бөлісу
    Бөлісу 247 Твит 155
  • Танымал айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева жақын арада әже атанады

    562 бөлісу
    Бөлісу 225 Твит 141
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.