Понедельник, 27 марта, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Мысырлыққа тұрмысқа шыққан қазақ қызы: Араб күйеуім қызымды Африкаға алып кетті

14.11.2022
0
Мысырлыққа тұрмысқа шыққан қазақ қызы: Араб күйеуім қызымды Африкаға алып кетті

Мысырлық жігітке тұрмысқа шыққан қазақ қызы баласынан көз жазып отыр деп хабарлайды KYN.KZ сайты «Көреміз» ток-шоуына сілтеме жасап.

Елімізге белгілі халық би ансамблінің бишісі Гүлназ Қайырбаева Африка мен Азияның ортасында орналасқан Султанат Оман еліне іссапарға барып жүріп, Амр Эль-Шербини Ахмет есімді араб жігітпен танысып, көңіл қосады. Араб жігітпен Мысырда мұсылмандық некеге, ал Қазақстанға келіп, заңды некеге тұрған. Төрт жыл бойы некеде болған жұп бір жарым жыл ғана бірге тұрған.

Өкінішке қарай, отандасымыздың аталған екінші некесі сәтсіз аяқталды. Каирде бірге тұрып жатқан пәтерінен күйеуі Амр Эль-Шербини тамыз айында қызын белгісіз себеппен Батыс Африкада орналасқан Кот-д’Ивуар мемлекетіне ұрлап алып кеткен. «Әпкемді вокзалдан алып келеміз» деп алдап кеткен араб жігіті: «Қызды көргің келсе, Қазақстанған қайт. 4-5 күннен кейін виза мен билет алып беремін. Кот-д’Ивуарға келесің», — дейді Гүлназға.

Сонымен Гүлназ Қайырбаева мысырлық ғашығының сөзіне сеніп, Қазақстанға келді. Бірақ бір айдан кейін Амр Эль-Шербини қызын алып, Африкаға бара жатқанын айтып, видео жолдайды. «Бала анасына қайтарылсын» деген сот шешімін пысқырмаған күйеубала бүгінгі күні қыздың суретін де көрсетпей, «менің көзім тірі кезде бұл қыз Египеттен ешқайда шықпайды. Мен өлсем ғана алып кетесің», — деп отыр.

3 жастағы баласын көрмегеніне 3 айдың жүзі болған ананың еңірегенде етегі толады. Мысырдағы Қазақстан елшілігіне хабарласқан ана: «Дұрыс жасаған. Ол оның әкесі, қызды тартып алуға біздің құқымыз жоқ. Оның орнында болсам, мен де солай жасайтын едім», — деген жауап алған. «Қайтсем қызымды көремін, қалай қайтарамын» деп басы қатқан жас ана не істерін білмей дал.

Бөлісу1150Твит719
  • Рысбала Икрамбай: ҰҚК, Жанат Бақыттың арандату әрекеттеріне тоқтату салмайсыздар ма? (видео)

    Рысбала Икрамбай: ҰҚК, Жанат Бақыттың арандату әрекеттеріне тоқтату салмайсыздар ма? (видео)

    3808 бөлісу
    Бөлісу 1523 Твит 952
  • Тәуелсіз үміткерлер: Тоқаев мырза, сайлауда ескі Қазақстанда болмаған сұмдықтар орын алды (видео)

    1490 бөлісу
    Бөлісу 596 Твит 373
  • Ермұрат Бәпи: Енді Арман Шораевқа басқа «охота» басталуы әбден мүмкін… 

    1112 бөлісу
    Бөлісу 445 Твит 278
  • 6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6319 бөлісу
    Бөлісу 2528 Твит 1580
  • Жаңаөзенде 14 жасар қыз түсік жасату үшін дәрігерге барып, өзін туған әкесі зорлағанын айтқан

    1083 бөлісу
    Бөлісу 433 Твит 271
  • Алматы облысында үшем дүниеге келді

    3367 бөлісу
    Бөлісу 1347 Твит 842
  • Қазақстанның төрт өңіріне өзен суы арнасынан тасу қаупі төніп тұр

    597 бөлісу
    Бөлісу 239 Твит 149
  • Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды

    558 бөлісу
    Бөлісу 223 Твит 140
  • Астана қалалық соты Арман Шораевты кінәлі деп үкім оқып, жаза бекітті

    617 бөлісу
    Бөлісу 247 Твит 154
  • Ақтөбеде әйелі мен қызын пышақтаған мектеп директоры жазықсыз деп танылды

    456 бөлісу
    Бөлісу 182 Твит 114
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.