Басты жаңалықтар
Шымкентте 3 баланың анасы 5-қабаттан секіріп өлмек болды
- автор kyn.kz
- 12 қараша, 2022
- 367
Шымкенттік жас келіншек 5-қабаттан секіріп өлмек болды, деп жазды KYN.KZ cайты.
Қалалық патрульдік полицейлер жедел түрде жетіп келіп, жас әйелді ажал аузынан аман алып қалды. Кезекші полицей 3 балалы ананы алдап, әңгімеге айналдыру арқылы ойын өзгерткен.
Қала тұрғыны оқиға орнынан жылдам аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Ондағы жұмыс аяқталған соң, полиция қызметкерлері келіншекті отбасына табыстады. Тәртіп сақшыларының дер кезінде көрсеткен қызметі үшін жұбайы оларға өз ризашылығын білдірді.
Әзірге шымкенттік келіншектің не себепті өзіне қол жұмсамақ болғаны белгісіз. Соңғы уақытта көпқабатты үйден секіру оқиғасы өте жиілеп кетті.
Естеріңізге сала кетсек, бірнеше күн бұрын Алматы қаласының тұрғыны 8-қабаттан секірген еді.