Айгүл Орынбек көпшілікке Бекболат Тілеуханның "Менің елім" әнін кімнен қалай ұрлап алғанын айтып берді (видео)
Заңгер Айгүл Орынбек желіде Бекболат Тілеуханұлының плагиат жасағанын айтып, жұртты алаңдатты, деп жазды КYN.KZ ақпараттық порталы.
«Қазақтың жырауы» аталып кеткен Бекболат Тілеуханұлын елге белгілі «Елім менің» әнінің ноталарын ұрлады, деп айыптаған заңгердің жазбасы жұрттың қызу талқысына түсті.
Айгүл Орынбек өзінің Facebook парақшасында әннің ҚР мәдениетіне еңбек сіңірген қайраткер, әнші Ғарифолла Құрманәлиевтің орындауындағы түпнұсқасын жариялап, бұған дейін аталған ән үшін Тілеуханұлымен соттасқанын тілге тиек етті.
«Бекболат аға ұрлық жасағаныңыз рас па? -деп сұрақ қойғанымда, үстіменен арыз жазып қылмыстық іс қозғатып еді. Сөйтсем жасаған қылмысы ашылатын болған соң, сасқалақтап тыпыршынған екен ғой! Бұл қолының сұғанағы бар ағам өз артының ашылатынын біліп, «Депутаттық абыройыма дақ түсірдің», - деп мені қаматпақшы болған! Өз құқығымды қорғай алатын адам ретінде бұнымен заңды түрде айқастым», - дейді заңгер.
Бірнеше жыл бұрын өзімен бірге Ғарифолла Құрманәлиевтің қызы Меруерт Құрманғалиева да әннің иесі әкесі екенін дәлелдеу үшін күрескен.
«Менімен қоса бұл істе Меруерт Курмангалиева әпкем де бірге тергелді! Өз әкесінің ноталарының Бекболат Тілеухан ұрлап алғаны жайлы, дәледегісі келгені үшін екеуміз бірге қудаландық! Менің сұрақ қойғаным, Меруерт әпкемнің ноталардың өз әкесінің шығармашылығына тиесілі екенін дәлелдегісі келгені оның абыройына нұқсан келітіріпті-мыс! Ол уақытта Бекболат Тілеуханның дүркіреп тұрған кезі».
«Міне, Ғарифулла Құрманалиев атамыз өзі шығарған әнін орындап жатқан түпнұсқасы! 1977 жылы әнді нотаға түсірген. Сөзін Тұманбай Молдағалиев атамыз жазған екен! 1989 жылы Бекболат Тілеухан Құрманаливтер отбасымен алғаш рет танысып үйіне барған. Сол таныстық арты ноталардың ұрлануымен аяқталған. Енді өзіңді қалай ақтар екенсің, Бекболат аға?! Өзі ұрлық жасағанымен қоймай, сөзін Нұрсұлтан Назарбаев жазған деп өзіңмен бірге Назарбаевтың басын іліп кеттің», - деп жазды Айгүл Орынбек.