Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Заңгер Тоқаевтан "Қазақ қыздарына жыныстық қатынасқа түсудің қандай болу керектігін үйретейік, көрсетейік" деген орыс блогерін елге кіргізбеуді сұрады

Заңгер Тоқаевтан "Қазақ қыздарына жыныстық қатынасқа түсудің қандай болу керектігін үйретейік, көрсетейік" деген орыс блогерін елге кіргізбеуді сұрады
ашық дереккөз

Құқық қорғаушы Кенжебек Шалтай прокуратура мен президенттен көмек сұрап отыр, деп жазды KYN.KZ. Оның бар өтініші ресейлік коуч, сексолог Алекс Леслиді елге кіргізбеу.

Өйткені блогердің Қазақстанға келу жоспарын бөліскен видео жазбасы қазақ жігіттерінің шамына тиіп, ашу шақыруына себеп болды. Сол үшін блогер Қазақстанға келсе қоғмдық тәртіп бұзылатынын ескертеді.

Заңгер осы мәсле бойынша тек Алекс Леслиді емес, оның жақтастары яғни қазақтың салт-дәстүрін, мәдениетін сыйламайтындарды елден шығарып тастауды сұрайды.

Бұған дейін ресейлік секс-гуру қазақ қыздарын "махаббатқа елту" бойынша тренинг өткізетінін хабарлаған еді. Ол өз сөзінде жігіттердің намысына тиерлік мағынадағы сөздерді айтып, өзін тыңдап отырғандарға "Ресейде соғысқа шақырту болып жатқанда біздер қазақ қыздарына секс саласындағы жетістігімізді көрсетіп қайтайық" деген үндеу айтқан болатын. Ол Алматыдағы тренингіне "Ең ыстық қазақ қызын кім табады" деген тақырып қойған.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар