Қарағанды түрмесіне күйеуін көруге барған әйел сол жерде босанып қалды
Әйел бесінші рет ұрлық жасағаны үшін жазасын өтеп жатқан күйеуіне келіп, кездескені сол еді толғағы басталған, деп жазды KYN.KZ. Алғаш рет әке атанғалы отырған жазасын өтеуші бірден абақты қызметкерлерін шақырған.
Алғаш әке атанайын деп отырған азамат колония қызметкерлеріне алғысын білдірді, деп жазады Polisia.kz.
Дәрігерлер келгенге дейін колония қызметкерлері босанған әйелге психологиялық көмек көрсетпек болған. Көп ұзамай әйел аман-есен дүниеге сәби әкелгені белгілі болды, оның есімін Арсений деп қойды.