Стамбұлдағы жарылысқа қатысы бар деген күдікті әйелдің суреті жарияланды
Түркияның Стамбұл қаласында болған жойқын жарылысқа қатысы бар күдіктінің суреті жарияланды деп хабарлайды КYN.KZ ақпараттық порталы.
Түркияың Әділет министрі Бекир Боздаг: «Бір әйел сол маңдағы орындықтардың бірінде 40 минуттан астам уақыт отырған. Орнынан тұрып кеткен соң 1-2 минуттан кейін жарылыс орын алған», - деді.
Жарылыс барысында 81 адам, оның екеуі ауыр жарақат алып, 6 адам қаза тапқан. Полиция қызметкерлері кейбір жарақат алған адамдар жеткізілген Таксим оқу-зерттеу ауруханасының айналасында қауіпсіздік шараларын күшейтті. Оқиға туралы естіген жаралылардың туыстары да ақпарат алу үшін жедел ауруханаға келді.