Қайраттың әйелі бесінші баласын "көтергенін" айтып, халықтан сүйінші сұрады
- автор kyn.kz
- 14 қараша, 2022
- 1.8k
Үнемі ел назарын өзіне қаратып жүретін Жұлдыз Әбдікәрімова бесінші рет ана атануға дайындалып жүргенін айтты, деп жазды KYN.KZ.
Өз жаңалығымен бөліскен актриса қалың жұртқа бұл жаңалықты жай ғана айта салғанына, қазіргі сәнмен түрлі-түсті шарлар, әдемі кеш ұйымдастырып хабарлай алмағанына аздап өкініші де бар сияқты.
"Мен бұл жаңалықпен басқаша бөлісем деп елестеттім: жоғары көңіл-күй, шарлар, торт, әдемі көйлек, жақын жандар... Бірақ бәрі біз ойлағандай бола бермейді екен.
Жарайды, қайырлысы. Көп созбай айтайын, әлде шарымды, тортымды дайындап, көйлегімді киіп алып айтайын ба? Сіздердің көптен бері тілеп жүрген, сұрап жүрген, күтіп жүрген жаңалықтарыңыз орындалды!
Мен бесінші баламды "көтердім". Қалған сезімдерімді келесі жазбаларымда айтып берермін. Себебі бір постқа сыймайтындай-ақ жалғасы бар...", - деп жазды ол.
Оқырмандардың бұл "жаңалыққа" қатысты пікірі екіге жарылған. Бірі актрисаға сенбейтіндерін айтса, басқа оқырмандары құттықтап, тілек айтып жатыр.