Пятница, 27 января, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Жамбыл тұрғыны: Дәрігер баланың қан сынамасын жуан инемен азаптап алып,соңында өлтіріп алды

14.11.2022
0
Жамбыл тұрғыны: Дәрігер баланың қан сынамасын жуан инемен азаптап алып,соңында өлтіріп алды

3 айлық нәрестенің нағашы әпкесі оқиғаның қалай болғанын айтып, елді шошытты. Сөзінше жиені түнде өзін нашар сезінген, жылап, шошып оянған. Ертеңгісін ауруханаға барып бас -аяғы бірнеше сағаттың ішінде өздері ойнатып алып барған балақайды, өлі күйінде алып қайтқан, деп жазды KYN.KZ.

«Бала түнде бірнеше рет шошып жылап, мазасыз болды. Таңертең анам, сіңлім бәріміз Меркі аудандық емханасына бардық. Медбике баланы алған кезде шақалақ жылап та тұрған жоқ еді. Ойнап, әдеттегідей өзін ұстады. Содан, дәрігер қарады.

Ешқандай аурудың белгісін байқамағандықтан қан сынамасын алуды жөн көрді. Медбике баланы арнайы бөлмеге алып кіріп, анамды шығарып жіберді. Өйткені анам «Баланы жуан инемен қинап, жанын ауыртып тұрсыз» деген ескерту айтқан. Олар алды да анамды шығарып жіберді. Сол аралықта бала тоқтаусыз шыңғырып жылады. Ақыр соңында көгеріп қатты.

Біз жан ұшыра көмектесулерін сұрадық. Басқа жақтан дәрігерлер шақыртты. Ол дәрігерлер келмей жатып бала шетінеп кетті. Енді ойнап барған баланы сол жерде шырылдатып жылатып, өлтіріп алған дәрігерлер өз кінәсін мойындамай тұр. Қайта бізді өлімге себепкер етіп отыр. Баланы дер кезінде алып келмедіңдер деген айып тақты»,-дейді әйел.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Толқын Өмірбаева әлеуметтік желіде нәрестенің неден қайтыс болғаны жөнінде ақпарат жариялады. Оның айтуынша, қайтыс болған нәресте 2 күн бойы ауырған. Туыстары оны дәрігерлерге көрсетпеген, 3 айлығына дейін мамандардың қабылдауына әкелмеген көрінеді.

«Баланы алғаш қабылдаған сәтте жағдайы ауыр болған. Тыныс алуы қиындап, жүрек-қан тамыр жүйесі зақымданған. Кейін белгілі болғандай, сәбидің миына қан бармай қалған»,— деп жазды Толқын Өмірбаева.

Ал шетінеген сәбидің туыстары баланың өліміне дәрігерлер кінәлі деп полицияға арызданатындарын айтты.

Бөлісу22Твит14
  • «Анайы қызмыт үшін рахмет»: Адвокат Пірәлиев  сарбаз ісіне қатысты тағы тың дерек айтты

    «Анайы қызмыт үшін рахмет»: Адвокат Пірәлиев сарбаз ісіне қатысты тағы тың дерек айтты

    3922 бөлісу
    Бөлісу 1569 Твит 981
  • «Қыркүйекте тойымыз болуы керек еді»: Раймның 7 жыл жүрген қызы Ерке Есмахан мен экс-жігіті жайлы айтты

    4844 бөлісу
    Бөлісу 1938 Твит 1211
  • Анасы: Өзінен он жас үлкен әйел ұлымды ғашық етіп, енді қаматқалы отыр. Балам қамалса әйелді өртеймін

    2132 бөлісу
    Бөлісу 853 Твит 533
  • Министр Ажар Ғиният полицияға бұрынғы вице-министрдің үстінен арыз жазды

    1714 бөлісу
    Бөлісу 686 Твит 429
  • «Аузынан, іш киімінен бірнеше адамның шәуеті шықты»: Әскерде асылып өлді деген сарбаздың адвокаты жан түршігерлік деректер айтты

    1592 бөлісу
    Бөлісу 637 Твит 398
  • 4 баланың анасы: Өзімнен он жас кіші ғашық жігіт айтқанына көнбегенім үшін ұрып, зорлап, үйімді өртеп кетті

    1479 бөлісу
    Бөлісу 592 Твит 370
  • 52 жастағы Түсіпбаева өзіне 29 жастағы жігіттің жазған хатын көрсетті

    1469 бөлісу
    Бөлісу 588 Твит 367
  • «Інімді өлтірген адамды да кешірді»: Нұрлан Өнербаев марқұм әкесін еске алып, көз жасына ерік берді

    2126 бөлісу
    Бөлісу 850 Твит 532
  • Raim Ерке екеуінің үйленгенін әжуалап, сын айтқандарды ұялтып тастады

    1297 бөлісу
    Бөлісу 519 Твит 324
  • Студент: Ақшасын төлеген адамның мұңын тыңдап, уақытша «досы» болып жұмыс істеймін

    1115 бөлісу
    Бөлісу 446 Твит 279
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.