Айгүл Орынбек: Қара никаб жамылғандарға заңмен тыйым салмасақ Стамбұлдағы жағдайды қайталайтындар бізде толып жүр
- автор kyn.kz
- 14 қараша, 2022
- 228
Заңгер Айгүл Орынбек Тик-Ток желісінде қара жамылып алып, елге уағыз айтатын әйелдердің қаптап кеткенін бірнеше уақыттан бері дабыл қағып айтып жүр. Олар көздерін ғана көрсетіп, елге түн ортасынта тікелей эфирге шығып ақыл, пәтуа айтады. Сондай-ақ, қара жамылып алып, қазақша сөйлейтін қыздарды тыңдайтындар да аз емес, деп жазды KYN.KZ
"Стамбұлдағы жарылыс бұл біздің елге де сигнал! Стамбұлдағы жарылысты әйел адам жасаған деп отыр! Соңғы уақытта біздің елде тик-ток әлеуметтік желісінде қара жамылған қарғалар көбейіп кетті деп дабыл қағып келемін. Дабыл қағуым бекер емес!
Отырып алып уағыз айтуларынан бөлек құдды өз уақыттарын күтіп, бір нәрсеге дайындалып жүргендей көремін. Қолдарына қару алулары да бекер емес!
Парламент депутаттары шұғыл түрде Мемлекетіміздің қауіпсіздігі үшін қара Ниқаб киюді, бет тұмшалауды заңмен шектеу керек!
Құзырлы органдар жұмыс істеу үшін оларға заң керек!Кеш болмай тұрып, тиісті заң шығарып бізде миы уланған зомбиларды елімізден тазартайық!",- дейді заңгер Айгүл Орынбек.