Шаңырақта ойын алаңында әйелдер мен қыздардың ұятты жерін ұстап жүрген ер адамды тұрғындар полицияға өздері ұстап берді (видео)
Алматының Шаңырақ ықшам ауданындағы ойын алаңында белгісіз адам үш жасар қыздарды ойнап жүрген жерінен ұстап алып, сүйреп кетуге ыңғайланған. Ол бір ғана балаға емес сол жердегі бірнеше балақайды қолынан ұстап, басқа бағытқа қарай ұмтылған.
Сол ауданның тұрғындары ер адамның ерсі қылығын басында байқамаған. Ол арасында әйелдердің жанынан өтіп баражатып ұятты жерлеріне қолын тигізіп, шымшып өткенін бірнеше әйел байқап, түсінбеген. Басында қолы тиіп кетті деп ойласа керек. Жағдайды бір-біріне айтқан келіншектер дереу полиция шақырып, күдіктіні видеоға түсіріп өздері ұстап берген.
Шағым түсіріп, қолдарынан келген әрекетті жасаған тұрғындар бүгін полициядан, "Тергеу тоқтатылды деген хат алыпты. Көпшілік осындай күдіктілердің мұндай әрекеті қылмыс болғаннан кейін барып тергелетініне наразылық білдіріп жатыр.