Мұхтар Шаханов неге өзін Қазақстандағы ең нашар ақын деп атады? (видео)
Мұхтар Шаханов желіде өзінің Қазақстандағы ең нашар ақын екендігін айтып елді елеңдетті, деп жазды KYN.KZ ақпараттық порталы.
Қоғам қайраткері, қазақтың көрнекті ақыны Мұхтар Шахановтың әлеуметтік желіде Қазақстанда өзінен нашар ақын жоқ екенін айтқан видеосы тарады. Дәмханалардың бірінде шәй ішіп отырған ақынға блогер Самат Мұхтар келіп, сыйлық сыйлап, оған өз інілік ізеті мен құрметін көрсетті.
«Сіз қазіргі заманның аңыз адамысыз. Сізбен бір дастарханда отырғаныма сене алар емеспін. Бәрі мүмкін екен, ата. Біздің мемлекетке сіздің еңбегіңіз сіңді. Сіздей тұлға бір ғасырда бір келеді, - деп жүрекжарды лебізін білдірді Самат Мұхтар.
Блогердің сөзіне бас изеп қана қойған ақын: «Қазақстанның ең нашар ақыны мен ғой. Менен нашар ақын жоқ Қазақстанда. Менің шығармаларым өте аз ғана мемлекетте жарияланған. Мен бар болғаны 200-ақ мемлекеттің тілінде жарияланыппын», - деп, кішіпейілділік танытты.
Сондай-ақ Мұхтар Шаханов бүгінгі қоғамды қаптаған көкек аналар жайлы да бірер ауыз сөз айтты.
«Есек әлдеқайда олардан жоғары. Себебі өз қодығын тастамай, алып жүреді», - дейді ақын.