Мақпал Жүнісова екінші рет тұрмысқа шығатынын айтты
Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова екінші рет тұрмысқа шығатынын дүйім жұртқа жария етті, деп жазды KYN.KZ ақпараттық порталы Elorda.info-ға сілтеме жасап.
Әншінің аяқасты қабылдаған шешімі туралы өзінің әлеуметтік желісінде жарияланды. Халықтың ерке әншісі Мақпал күйеуге шығатынын айтып, қалжыңдайды.
«Құрметті халайық! Бүгін мен үшін ерекше күн. Талдықорғанға келіп күйеуге шығайын деп жатырмын. Қыз жолдас Айжан Нұрмағамбетова болады. Неке сарайында бүгін баспасөз мәслихаты өтейін деп жатыр. Бір жігіт дайындап қоймадыңдар ма деп айтып жатырмын. Қалжың ғой», - дейді Жүнісова.
Оқырмандары оның күтпеген мәлімдемесін жақсы қабылдап, бақытты тілеп, ізгі тілектерін білдірді. Араларынан ұнатпай, кері пікір жазғандар да бар.
«Адам қай жаста болса да, бақытты болуға хақысы бар ғой», «Алла бақыт берсін, жақсылықтың ерте-кеші болмайды», «Қартайғанда күйеуді ойлағанша, қызыңыздың болашағын ойлау қажет!», «Бұлай жасаған да дұрыс шығар», - деп пікірлерін білдірді желі қолданушылары.