Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Төреғали жігіттермен қарындасының ұзатуында сыңсу айтып, елдің мазағына қалды

Төреғали жігіттермен қарындасының ұзатуында сыңсу айтып, елдің мазағына қалды
ашық дереккөз

Төреғали Төреәлі жігіттерден құралған бір топ әншімен қарындасына арнап сыңсу айтты деп жұрт сынап жатыр, деп жазды KYN.KZ cайты.

Бірнеше күн бұрын қарындасын ұзатқан әнші Төреғалидің шаңырағындағы той әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп, соңы мазақпен, сынақпен аяқталды. Желіде жарияланған бейнероликте Нұрболат Абдуллин, Қайрат Нұртас, Әбдіжаппар Әлқожа, Ернар Айдар, Қуандық Рахым және Төреғали ұзату кешінде қалыңдыққа сыңсу әнін арнаған.

Тоқтар Серіковтің «Алақаннан ұшқан аққуым» әнін орындаған әншілерді ел сынап тастаған. Төреғалидің үлкен қарындасы Фариза Төреәлі әлеуметтік желідегі парақшасына аталған әнді жүктеп, сіңлісіне жасалған тосын сый екенін жазды.

«Қазақстандағы беделді әншілер бірігіп, Динаға ән арнады. Ағабайға рақмет», - деді әншінің қарындасы Фариза.

Аталған ән желіде түрлі парақшаларда түрлі тақырыпта тарап, елдің мазағына іліккен. Оқырмандар әнді талқылап, сыңсыған әншілерге қатысты түрлі сыни пікірлер жазған:
«О заманда бұ заман, еркектердің сыңсу айтқанын бірінші рет естідім. Бір күні еркектеріміз ұзатылатын шығар», «Олар сыңсу айтатын қатын ба еді? Жүгенсіздер», «Сыңсуды ер адам айтпайды, қыз бала айтады. Сұмдық-ай, не болып барамыз», «Ұзатылған қарындасында да ұят жоқ екен ағаларына сыңсу айтқызып қойған».

https://youtube.com/shorts/vb_4c2OlbZY?feature=share

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар